Салалар
Талқылаулар
Новость
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы құтты болсын!
Мектебімізде «Армысың, Әз Наурыз!» тақырыбында мерекелік іс-шаралар өткізілді.
2016ж.19.03. күні мектебімізде «Армысың, Әз Наурыз!» тақырыбында мерекелік іс-шаралар өткізілді. Наурызда әр сыныптар атақты қазақ елінің ғұламаларының аттарымен аталған ауылдарға бөлінді. Сыныптар арасында наурыз мерекесі сайыс түрінде жүргізілді.
«Ұлыстың ұлы күні- Наурыз!» тақырыбына және ғұламаларға арнап кабинеттерді безендірілді.
Сайысты ұйымдастыру кезеңі:
1. «Наурыз сыйы» мерекелік дастархан мәзірі
2. «Армысың, Наурыз!» мерекеге арналған шағын концерт дайындау
3. Ұлттық киім кию.
Мерекенің өту барысы:
1. Қонақтарды қарсы алу. \Әнмен, қара сөзбен, т.б....\
2. Музыкалық номер. Мерекеге, әр ауылдарға байланысты ғұламалардың шығармаларын оқу, айту, өлең айту.
3. Қазақ ұлтының әдет-ғұрпын көрсету.\1 салт-дәстүр көрсету\
Мына көріністе « Абылайхан» ауылының тұрғындары ұлттық киімдерін киіп тамылжыта билеуде. 
Сонымен қатар, мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімдерінің ұйымдастыруымен сыныптар арасында қазақтың ұлттық ойындары өткізілді.