Салалар
Талқылаулар
Новость
Ашық сабақтар 11-16 наурыз аралығында
11.03.16 ж. 7 «Д» сынып. Ашық сабақ: «Денелердің жүзу шарттары» Пән мұғалімі: Бейсекова Л.Қ.Мұғалім сабақтың басында оқушыларды бөлу кезінде сыныпқа кіру алдында қолдарына билеттер беріп, сондай түсті жалаушасы бар партаға барып отырады. Жаңа сабақтың өту кезінде логикалық сұрақтар, ақпарат блогы, деңгейлік тапсырмалар, дидактикалық ойындар болды. Сабақ барысында жаңа сабақта алған білімдерін практикада ұштастыру мақсатында тәжірибелік жұмыс көрсетілді. Оқушылар тәжірибелік жұмыс нәтижесін тұрмыста қолдану туралы жалпы заңдылықтарды талқылады. Жаңа сабақты тест арқылы бекітті. Оқушылар дененің жүзу шарттарын толық қызығушылықпен меңгеріп, үйренді


11.03.16 ж. 6 «А» сынып. «Графикалық нысандар мен көркем жазуды кірістіру» ашық сабақ. Мәулітбекқызы Аяулым Мұғалім сабақтың басында оқушылардың смайликтер арқылы көңіл-күйін байқады. Мұғалім сабақта қызығушылықты ояту мақсатында оқушылардан «Activote» құрылғысымен тест алу арқылы өткен сабақты еске түсірді. Жаңа тақырыпты ашу мақсатында оқушыларды сурет қиындыларымен үш топқа бөлді.Жаңа тақырыпты оқушылар өздері оқып, интерактивті тақта арқылы түсіндірді. Сұрақтардың ішінде видео сұрақ және skype арқылыда сұрақтар қойылды. Сабақ барысында жаңа сабақта алған білімдерін практикада ұштастыру мақсатында оқушыларға бірнеше тапсырмалар берілді. Бұл тапсырманы оқушылар өте жоғары қызығушылықпен орындады. Сабақ соңында оқушылар алған әсерлерін стикерге жазып смайликтерге жабыстырды. Жеке, жұппен, топтық жұмыстар дайындаған


12.03.2016 ж. 7 «А» сынып. Ашық сабақ: «Рационал өрнектерді қосу және азайту» Пән мұғалімі: Шаммухамбетова Н.Г.Мұғалімнің сабақ барысында жеке, жұртық және топтық деңгейде оқушылармен жұмыс жасады. Мұнда әр оқушының ойлау қабілетінің жоғарлығына тез ойлауына байланысты тапсырмалар берілді. ҰБТ тапсырмаларынан логикалық есептер беріліп, шығарылды. Өзін-өзі тексеру тапсырмалары қамтылды. Сабақ оқу мен оқытудағы жаңа әдістерді қолдану арқылы өтіп, оқушылар сабақта қызығушылықпен қатысып, белсенділік көрсетті. Топ басшысы өз топтарындағы оқушыларға бағалау критерийлері бойынша бағалауын талдап, түсіндіріп берді


12.03.2016ж. 8 «А» сынып. Ашық сабақ: «у=ax2+bx+c функциясы тақырыбына есептер шығару» / Бексолтанова Л.Ж./Мұғалім сабақ барысында жұптық, топтық, жеке оқушылармен ауызша және жазбаша түрде әр оқушының қабілеті мен деңгейіне қарай жұмыстар жүргізіп, барлық оқушыны сабаққа қатыстырды. Яғни мұғалімнің оқушыларды топтық жұмыс жасауға, өзін – өзі бағалауға дағдыландырғаны байқалды және мұғалім оқыту мен оқудағы педагогикалық әдіс-тәсілдеріді тиімді қолдана білді. Оқушылар өз ойларын жеткізе білді.


16.03.2016ж. 6 «Ә» сынып. Математика пәнінен факультатив ашық сабақ: «Division of Natural numbers» /Оналбекова А.Т./Мұғалім сабақты ағылшын тілінде жүргізді. Оқушылар 3 топқа бөлініп, топпен жұмыс жасады. Сабақтың негізгі мақсаты оқушыларды интелектуалды жетілдіру, қабілетін дамыту, математика пәні мен ағылшын тілі мәдениетіне мұқият көңіл бөліп, пәнге деген оқу, жазу мен біліміне қызығушылығын арттыру. Ауызша сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
Aims of the lesson
- To enrich pupils knowledge, to develop pupils abilities in speech, to enrich their vocabulary.
- To develop their reading writing listening, kills and grammar lexical habits.
Оқушылар өз бетімен есептер шығарып, оны ағылшын тілінде түсіндіріп берді. Кез-келген ағылшын тілдегі есептерді түсініп, өз ойларын еркін жеткізе білді.

