Салалар
Талқылаулар
Новость
Сыныптан тыс іс- шаралар 16-17 аралығы
16.03.2016 ж. 7 сыныптар.арасында сыныптан тыс «ФИМ ұшағы » атты жарыс сабағы өткізілді. Мұнда оқушылар екі топқа бөлініп, сұрақтар, логикалық есептер шешті. Бұл топтар Альфараби және Аристотель топтары деп аталды. Оқушылар физика пәнінен, информатика пәніне байланысты қызықты ойындар, фокустар көрсетіп, оқушылар өздерінің алғырлығын, зеректігін, қиалдарының өте ұшқыр екендігін көрсете білді.
Пән мұғалімі: Шаммухаметова Н.Г., Бейсекова Л.Қ, Бегимова Г. Ж

17.03.2016ж. 8- сыныптар арасында ұйымдастырылған «Бақытты сәт» ойынына оқушылар қызғушылықпен бәсекелесе отырып қатысты. Ойын барысында жасырылған сұрақтарға оқушылар жауап беру арқылы, сиқырлы сандықтағы сыйлықтарға ие болды. Бұл ойын барысында 8 «А», 8 «Ә» сынып оқушылары өте жоғары белсенділік көрсетті.
Пән мұғалімдері: Бексолтанова Л. Ж. , Киреева А

17.03.2016 ж. 6- сыныптар арасында сыныптан тыс «Озық ойлы оқушы» атты жарыс сабағы өткізілді. Бұл сайысқа әр сыныптардан бір оқушыдан алты оқушы таңдалыып алынды. Ойын үш кезеңге бөлінді, бірінші кезеңде жеңіл логикалық сұрақтар қойылды, оқушылардың жылдамдықтарын, дұрыс жауаптарын бағалай отырып, екінші кезеңге үш оқушы іріктеліп алынды. Бұл кезеңде оқушылар күрделі логикалық есептер мен сұрақтарды шешті, жинаған ұпайлары бойынша үшінші кезеңге екі оқушы қалдырылды. Үшінші кезеңде күрделі логикалық есептер берілді, екі оқушының жылдамдығымен жауабына қарай, оларға бірінші және екінші орын берілді. Бұл сабақта оқушылар өздерінің алғырлығын, зеректігін көрсетті.Іс –шараны ұйымдастырған пән мұғалімдері: А.Т. Оналбекова; Ауған Е.