Салалар
Талқылаулар
Новость
«Талантты ұстаз – дарынды балаларға» қалалық олимпиаданың екінші кезеңі
2016 жылдың 7 сәуірінде №71 мектепте «Талантты ұстаз – дарынды балаларға» қалалық олимпиаданың екінші кезеңі өткізілді.
2016 жылдың 7 сәуірінде №71 мектепте «Талантты ұстаз – дарынды балаларға» қалалық олимпиаданың екінші кезеңі өткізілді.
Олимпиаданың мақсаттары:
- -шығармашылық қабілеті жоғары талантты жастарды анықтау;
- кәсіптік - педагогикалық білімді және педагогикалық мамандықтың маңыздылығын, педагогиканың беделін арттыру;
Педагогикалық олимпиаданың негізгі міндеттері:
- жоғарғы сынып оқушыларының педагогикалық әс-әрекетіндегі өзін-өзі билеу бағытын қалыптастыру;
- білім беру мекемелерінің білім деңгейін қазіргі заман талабына сай дамыта жетілдіру, педагогикалық үрдісіне тарту;
-жоғары сынып оқушылары мен жас ұстаздардың жеке өзінің шығармашылық ойын жеткізуіне, тұлғалық педагогикалық мәдениеттің қалыптасуына, педагог қызметінің кәсіптік тәжірибесін дамытуға жағдай жасау.
Гимназиядан бастауыш сынып мұғалімі Тоқпаева Амангүл Булатовна қатысты. Барлық сайыстарда өз өнерін жоғары деңгейде көрсетіп, ІІ орынға ие болды. Енді Амангүл Булатовна қала атынан Қостанай қаласында өтетін республикалық байқауға қатысады. Құттықтаймыз және сәттілік тілейміз!!!