Салалар
Талқылаулар
Новость
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «25 пайдалы іс» республикалық акция аясында мектебімізде шаңырақтың негізгі тірегі әкелер қауымымен «Әкелер слеті» өтілді.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «25 пайдалы іс» республикалық акция аясында мектебімізде шаңырақтың негізгі тірегі әкелер қауымымен «Әкелер слеті» өтілді.
Слет барысында оқушылар арасында «Әке деген кім?» тақырыбында сұхбат жүргізілді, «Әкем мен бала арасындағы қатынас» жайында алдын ала түсірілген бейнеролик көрсетілді.

Хасен Масғұтұлы «Әкенің бүгінгі таңдағы рөлі қандай?» тақырыбында баяндама оқып, «Әкеме» атты өз туындысын оқыды.
Ата-аналар комитетінің мүшесі ТикибаеваМенбике Амиртаевна баланың сапалы білім, саналы тәрбие алу жолында мектеппен етене жақын болып, мектеп өмірінде өтіп жатқан барлық іс-шараларға қатысып, белсенділік танытуға шақырды. Мектепте «Әкелер мектебін» құру туралы ұсыныс жасады.

Іс-шара барысында бала тәрбиесінде ананың да рөлін атқарып отырған жалғызбасты әкелер, мектебіміздің дамуына үлес қосып, қамқорлық танытып жүрген әкелер, бала тәрбиесіне ерекше ықылас танытып жүрген әкелер марапатталды.

Оқушылар өнер көрсетті.
Слет соңы әкелер арасында спортық жарысқа ұласты.