Салалар
Талқылаулар
Новость
Өнерлі өрен олжалы оралды
Мектеп – баланың өрісін кеңейтіп, өмір кетігін тауып, кірпіштей қалануына септігін тигізетін баспалдақ. Ал баланың қарым-қабілеті, өнер-өнегесі мектеп қабырғасында жүрген кезден-ақ байқалады. Талантымен талайды тәнті еткен Қаз Мағжанның өнерге деген сүйіспеншілігі ерекше. «Өнер десеішкен асын жерге қоятын» ол болашағынан көп үміт күттіреді.
Мағжан бүгінгі күні Астана қаласындағы № 58 мектеп-гимназияның 4-сынып оқушысы. Мектебіміздің мақтанышына айналған Мағжан білім ұясының жақсы атын шығарып, абыройын асқақтатып жүр. 3 сәуір күні Өнер академиясында өткен «Жас музыкант-дебютанттардың» республикалық байқауында фортепианода өнер көрсетіп, жүлделі ІI орынды иеленіп қайтты.
Талантты жастың ұстаздары шәкіртінің «алар асуы әлі алда» деп үміт артады.
