Салалар
Талқылаулар
Новость
Білікті басшы- көшбасшы тұлға
Білім беру – ұлттық сананы қалыптастыру мен дамытудың мәдениэтностық, тілдік мүдделерді қанағаттандырудың, мемлекетіміздің стратегиялық дамуындағы негізгі мәселелердің бірі – жаңа білім кеңістігін құрудың бірден – бір құралы. Бүгінгі таңда – өркениетті еліміздің, тәуелсіз мемлекетіміздің ХХІ ғасырдағы қандай елдермен иықтас, кімдермен терезесі тең орында тұрары мұғалімдердің сапалы, саналы білім беруіне, басшылардың икемділіктері мен біліктіліктеріне байланысты. Осы негізде мектебіміздің басшысы Нугуманова Самал Ботаханқызының тың да тиімді бастамалары әріптестерінің, мектеп ұжымының, ата-аналардың, оқушылардың көңілінен шығып, ықыласқа бөленуде. Сөзіміздің айғағы ретінде,2014-2015 оқу жылының мектеп түлегі Жилкибаева Гауһардың белсенділігі үшін Қазақ технология және бизнес университетінің Президент-ректоры жолдаған алғыс хатында: “Сізге болашақта ұстаздық міндеттеріңізді абыроймен атқарып, шәкірттерді ұлттық игіліктер мен адамзат мәдени мұрасының сабақтастығын сақтай отырып тәрбиелеуде шығармашылық табыс тілейміз. Жауапкершілігі жоғары, қиындығы мен қызығы мол ұстаздық еңбек жолыңызға сәт сапар!” деп жазылған.

Сонымен қоса ҚР Ұлттық мұражай директорының алғыс хаты, мектеп оқушыларының атынан жазылған алғыс хаттар- басшы еңбегінің жемісті қырларының айғағы.

Ендігі міндет-ілгері де басталған игі шаруаны ары қарай жалғастыру. Болашағымыз – жаңа үлгідегі мектеп, оны әрбір оқушыға жеке тұлға ретінде дамыта білім беретін оқу орнына айналдыру, оқушылар бойына рухани – адамгершілік қасиеттерді дамытатын жағдайлар жүйесін құру, өзін-өзі дамытуға әрекет жасауға үйрету мақсаты тұр. Сол мақсаттардың орындалып, мектеп беделін биікке көтеру жолында әріптестеріңіздің қолдауына ие болып, ұжымыңызбен бірлік пен ойларыңыз бір арнада тоғысуын қалаймыз.