Салалар
Талқылаулар
Новость
«Абай – дана, Абай – дара қазақта» атты Абай оқулары байқауы өтті
Сәуір айының 9 жұлдызында 4- сыныптар арасында мектепішілік «Абай – дана, Абай – дара қазақта» атты Абай оқулары байқауы өтті. Байқаудың мақсаты: халқымыздың дана ақыны, ғұлама ойшылы, сазгер Абай Құнанбайұлының өлеңдері мен әндерінің таралуын насихаттау, бүгінгі ұрпақтарының Абай мұрасына қызығушылығын арттыру, оқып – білуге, түсуге ынталандыру.

«Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе,
Ақындықты көздесең, жаттап тоқы көңілге», - деп Сұлтанмахмұт Торайғыров айтқандай, келешек ұрпаққа Абайды оқыту барысында берілетін өнегелі тәрбие ұшан теңіз. Сайыстың шымылдығын 3 «А» сынып оқушыларының орындауында Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әні ашты.
Абай атамыз 17- қара сөзінде «Ақыл, қайрат, жүрек ұштасқанда ғана адам дегеніне жетеді» деген. Бұл күні Абай өлеңдерін шын мәнінде түсініп, сырын ашып, жаттап, мәнерлеп айту байқауына келген 4-сынып оқушылары мен қонақкәдемен келген 3 сынып оқушыларын ортаға шақырылды.
Оқушылар сынып бойынша шығып, жаттаған өлеңдерін айтты. Оқушылар мәнерлеп оқу сайысына өте жақсы дайындықпен келген екен.Бірінен - бірі өте сайыс майталмандары ерекше белсенділікпен көзге түсіп жатты.
4 «Б» сынып оқушысы Иманғали Ақерке – 1 орын, 4 «Ә» сынып оқушысы Мұхтар Арайлым – 2-орын, 4 «А» сынып оқушысы Канафин – 3- орын иеленді. Басқа сынып оқушылары белсенді қатысқаны үшін мақтау қағаздарымен марапатталды. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Мәнерлеп оқу сайысының жеңімпазы 4 «Б» сынып оқушысы Иманғали Ақеркені құттықтай отырып , қалалық «Абай оқулары » сайысында да жеңіс тұғырынан көрінуіне тілектеспіз.