Салалар
Талқылаулар
Новость
Әкелер мәслихаты
Бүгін мектебімізде әкелер мәслихаты ұйымдастырылды.
Бүгін мектебімізде әкелер мәслихаты ұйымдастырылды. Отбасы тәрбиесінің маңызын арттыруды басты мақсат ретінде алған аталмыш іс-шара жоғары деңгейде өтті. Мектеп директоры Жакенбай Шәріпхан Қажытайұлы алғы сөз айтып, әке тәрбиесінің қаншалықты өзекті мәселе екенін түсіндірді. Мектеп психологы тарапынан ата-аналарға түрлі ситуациялық сұрақтар қойылып, мәслихат соңы концерттік бағдарламаға ұласты. Нәтежиесінде Астана қаласы орта мектептері арасында өтетін қалалық "Мен және менің әкем", "Мен және менің отбасым" атты бейнероликтер байқауына даярлық тобының оқушысы Тогторханов Алтай Баваржанұлының әкесі Тогторхан Баваржан мен 5 "Б" сынып оқушысы Найзабеков Дархан Бақытұлының әкесі Найзабеков Бақыт Кабдулұлы жолдама алды. Ал "Менің арманымдағы үй" аталымы бойынша 4 "Б" сынып оқушыларының әкелері Тойшыбеков Ерлан Шыңғысбекұлы мен Тулешов Баходир Алдытидиярұлы, 4 "А" сынып оқушысының әкесі Абдуллаев Абай Қуандықұлы, 4 "Ә" сынып оқушыларының әкелері Абылкасов Аманжол Төлешұлы мен Садыков Ардақ Кенжебайұлы қалалық байқауға жолдама алды.
Айта кетерлік тағы бір жағымды жаңалық, бүгін №3 Балалар музыка мектебінде өткен "Менің талантты әкем" атты іріктеу байқауында 4 "А" сыныпта оқитын оқушымыз Мұқатай Дана әкесі Абдильдин Мұрат Мұқатайұлымен бірге І орынды жеңіп алды. Жетекшісі Рахметов Серік Ахметқалиұлына алғысымызды білдіреміз!
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Шабкенова С.Ж.