Салалар
Талқылаулар
Новость
«Баласы кітап оқыған ел - бақытты ел» онкүндігі
Мектебімізде директордың ғылыми істер жөніндегі орынбасары Момынқұлова Алтын Момысқызының авторлық бағдарламасымен «Отбасылық сауаттылық оқырмандар» клубы жұмыс жасайды. Тәжірибелі ұстаздың басты мақсаты ой-сананың қозғаушы күші, рухани қазына кітап екенін оқушыларға жеткізу арқылы жеке тұлға тәрбиелеу,оқырмандар санын көбейту. Осы игілікті істі жүзеге асыру үшін 1-11 сыныптар арасында дәстүрлі шаралар жоспарланған. Сәуірдің 15-ші жұлдызы күні 2 «в» сыныбында Ахметкалиева Мара Жамбылқызының ұйымдастыруымен «Ертегілер әлемінде » оқырман конференциясы өтті.
Мектебімізде директордың ғылыми істер жөніндегі орынбасары Момынқұлова Алтын Момысқызының авторлық бағдарламасымен «Отбасылық сауаттылық оқырмандар» клубы жұмыс жасайды.
Тәжірибелі ұстаздың басты мақсаты ой-сананың қозғаушы күші, рухани қазына кітап екенін оқушыларға жеткізу арқылы жеке тұлға тәрбиелеу,оқырмандар санын көбейту. Осы игілікті істі жүзеге асыру үшін 1-11 сыныптар арасында дәстүрлі шаралар жоспарланған. Сәуірдің 15-ші жұлдызы күні 2 «в» сыныбында Ахметкалиева Мара Жамбылқызының ұйымдастыруымен «Ертегілер әлемінде » оқырман конференциясы өтті.

Кітап та алма ағашы
Жемісін біздер теретін.
Тәтті алмаға балашы,
Кітабыңның әр бетін,- деп сөзін бастаған ұстаз конференцияны «Кітап туралы» бейнебаян көрсетуден бастады.
Оқушылар ата-аналарымен бірлесе оқыған кітаптарын талдады, ертегідегі қиял-ғажайып таңқалдырған жайттарды баяндады. Мен «Сүйікті кітабымды иллюстрациялаймын» бөлімінде мазмұнға байланысты сурет салып, кітап туралы өз пікірлерін айтты. Оқырман конференциясының қорытынды бөлімінде Алтын Момысқызы ата-аналарға алғыс айтып, оқушыларға таудай талап тіледі. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың болашақта компьютер бастыларды кітап оқығандар жеңеді деген сөзі жүзеге асатынына сенімдіміз.
