Салалар
Талқылаулар
Новость
Оқушыларға кәсіби бағдар берудің маңызы
Кәсіптік бағдар бағдарламаларының мақсаты бар, ол- тұлғаны тәрбиелеу, жан-жақты дамыту, бағыт-бағдар беру. Кәсіптік бағдар мектеп жұмыстарының жеке-дара саласы бола алмайды. Себебі, мамандық таңдау- жауапты да күрделі іс-әрекет. Оқушыларға алдағы уақытта заман талабына сай дұрыс мамандық алу үшін бағыт- бағдар беру арқылы оны талдай және таңдай білуге, өзінің қабілетін, бейімін мамандыққа сай тани білуіне жол көрсету мақсатында сәуір айының 16-шы жұлдызында «Мамандық таңдау-өмірді таңдау» тақырыбында кеш өткізілді.
Кәсіптік бағдар бағдарламаларының мақсаты бар, ол- тұлғаны тәрбиелеу, жан-жақты дамыту, бағыт-бағдар беру. Кәсіптік бағдар мектеп жұмыстарының жеке-дара саласы бола алмайды. Себебі, мамандық таңдау- жауапты да күрделі іс-әрекет. Оқушыларға алдағы уақытта заман талабына сай дұрыс мамандық алу үшін бағыт- бағдар беру арқылы оны талдай және таңдай білуге, өзінің қабілетін, бейімін мамандыққа сай тани білуіне жол көрсету мақсатында сәуір айының 16-шы жұлдызында «Мамандық таңдау-өмірді таңдау» тақырыбында кеш өткізілді. Кеште оқушылар өздері сүйетін мамандықтары туралы пікір айтып қана қоймай, өзіне-өзі сын көзбен қарауды түсінді. Кешке Қазақ инженерлік-техникалық академиясынан,«Тұран», «Қаз.ҰТБ», «Сауда-экономикалық» колледжінен мамандар қатысып, оқу бағдарламасы бойынша мәліметтер берді.
