Салалар
Талқылаулар
Новость
«Тілім менің тірлігімнің айғағы» атты ІV ауызша қалалық олимпиада өткізілді
2016 оқу жылының 9 сәуір күні Ж.Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясында Н.А.Оразахынованың «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы ҚР КҒА ұйымдастыруымен өткізілген қалалық 4-ші ауызша командалық олимпиадасы өтті. Олимпиадаға қала мектептерінен №71 «Мөлдір» бала бақшасы, Қаз ҰӨУ, 10 мектеп қатысып, бірнеше топтар бақтарын сынады. Соның ішінде біздің мектептен, яғни Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясынан, мектепішілік олимпиададан өткен 8 топ қатысты. Бастауыш сыныптардан 3б, ә, 4г сыныбы, ортаңғы буыннан 6б, в, 7б сыныбынан 3 топ, барлығы 6 топ республикалық олимпиадаға жолдама алды. 2 сынып оқушылары 4 пән бойынша қазақ тілі, әдебиеттік оқу, математика және дүниетану сабақтарынан, 3 сынып қазақ тілі, әдебиеттік оқу, математика, дүниетану сабақтарынан, 6 сыныптар қазақ тілі, әдебиет, математика, орыс тілі, ағылшын тілі пәндерінен, 7 сынып оқушылары қазақ тілі, әдебиет, математика, орыс тілі, ағылшын тілі, тарих, география, биология,физика пәндерінен, яғни оқушылар 9 пәннен қатысып, жақсы нәтиже көрсетіп қатысқан оқушылар республикалық олимпиадаға жолдама алды. Барлық қатысқан оқушылар белсенділік танытқаны үшін және республикалық олимпиадаға жолдама алды деген мақтау қағаздарымен марапатталды. Сонымен бірге пән мұғалімдерін де жеке-жеке атап, мақтау қағаздарымен марапаттады.