Жақында мектебіміздің салтанат залында "Қызғалдақ" қыздар клубының ұйымдастыруымен "Парасатты Айгерім" байқауы өтті. Абай атамыздың өмірі мен шығармашылығын насихаттауды көздеген қыздар сыны қазақтың бас ақынының бір өлеңін, бір қара сөзін жатқа айту және сұрақ-жауап сияқты үш кезеңнен құралды. Қазылар алқасының төрағасы мектеп директоры Жакенбай Шәріпхан Қажытайұлы болды. Сонымен қатар директордың ғылыми істер жөніндегі орынбасары Ештанаев Жазыбек Опиұлы, информатика пәнінің мұғалімі Мөшке Сапаргүл, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сағидолда Қазбек қатысушыларға әділ бағаларын берді. Нәтежиесінде 8 "А" сынып оқушылары Базаралиева Ажар "Ақылды қыз", Мұхит Толқын "Әдемі қыз", 8 "Б" сынып оқушысы Рамазан Қымбат "Ажарлы қыз", 9 "А" сынып оқушылары Ташимова Айжан "Сүйкімді қыз", Жанғабылова Айдана "Ізетті қыз", Сейтенова Аиша "Талантты қыз", 9 "Ә" сынып оқушысы Пәрімбек Назерке "Өнерлі қыз", 9 "Б" сынып оқушысы Жанайдарова Сабина "Көрермендер көзайымы", 9 "В" сынып оқушысы Тулеуова Диана "Сұлу әуенді қыз", 10 "Ә" сынып оқушысы Құлынтаева Динара мен 7 "Ә" сынып оқушысы Ұзақбаева Шапағат "Білімді қыз", 10 "Ә" сынып оқушысы Купчиненко Гүлімай "Сымбатты қыз" деген аталымға ие болды. Ал "Парасатты Айгерім" деген атаққа 8 "Ә" сынып оқушысы Сәпиева Айғанып лайық деп танылды. Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздік қызметкері, "Қызғалдақ" қыздар клубының жетекшісі Есенбаева Роза Түзелбайқызы ұйымдастырған тәрбиелік іс-шара өте жоғары деңгейде өтті.