Салалар
Талқылаулар
Новость
«Көптілді мектептердегі дарынды балалармен жұмыстың заманауи әдістері: жаңашылдық пен тәжірибе» атты республикалық оқу әдістемелік семинар өтті
2016 жылдың 14-15 сәуір аралығында Тараз қаласындағы үш тілде оқытатын мамандандырылған №3 мектепте «Көптілді мектептердегі дарынды балалармен жұмыстың заманауи әдістері: жаңашылдық пен тәжірибе» атты республикалық оқу әдістемелік семинар өтті. Аталған семинарға №48 мектеп-лицей директоры Садықова Зәуре Жақанқызы және директордың ғылыми –әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Төкебаева Назым Ділтайқызы қатысып қайтты.
2016 жылдың 14-15 сәуір аралығында Тараз қаласындағы үш тілде оқытатын мамандандырылған №3 мектепте «Көптілді мектептердегі дарынды балалармен жұмыстың заманауи әдістері: жаңашылдық пен тәжірибе» атты республикалық оқу әдістемелік семинар өтті. Аталған семинарға №48 мектеп-лицей директоры Садықова Зәуре Жақанқызы және директордың ғылыми –әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Төкебаева Назым Ділтайқызы қатысып қайтты. Семинар барысында биология, физика пәндерінің ағылшын тілінде жүргізілуі бойынша ашық сабақтар көрсетілді. Орыс сыныптарындағы Қазақстан тарихының қазақ тілінде өту тәжірибесімен таныстырылды. Сонымен қатар Тараз қаласындағы қыздар, ұлдар түрік лицейлерінің және «Дарын» мектебінің іс- тәжірибелері де көрсетілді. Көне Тараз қаласының көрнекті, тарихи-ескерткіштеріне экскурсия жасалды. Семинардың соңғы күнінде аталған мектептің оқушылармен жүргізетін үйірме жұмыстарымен таныстырылып, шығармашылық концерт қойылды. Таразда өткен республикалық оқу-әдістемелік семинарының өте мазмұнды Семинарға республикамыздағы үш тілде оқытатын мектептерден келген әріптестердің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығына айтар алғыстары шексіз.