Салалар
Талқылаулар
Новость
«Қауіпсіз интернет» тақырыбында ақпараттық науқан
Дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мектебінде 2016 жылдың 11-22 сәуір аралығындағы «Қауіпсіз интернет» тақырыбында ақпараттық науқан өтілді

Жоспар бойынша өтілген іс-шаралар есебі
14.04.2016 ж. күні 6 «А, Ә, Б» сынып оқушылары «Біз және интернет» тақырыбына диктант жазды.
Мақсаты: Оқушылардың интернет туралы білімдерін тереңдету, ақпараттық сауаттылықтарын, сөздік қорларын дамыту. Іскерлікке, шыдамдылыққа, тиянақтылыққа, білімділікке баулу.


15-18.04.2016 ж. күні 7 - 8 сынып оқушылары «Қауіпсіз интернет» еліне саяхат, компьютерлік графика.
Мақсаты: Бүкіләлемдік өрмек – интернетке байланысты оқушылардың білімдерін нығайту, тиянақтау. Оқушылардың интернет туралы ой пікірлерін графикалық ақпарат түрінде бейнелету, оқушылардың тапқырлық қабілетін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, пәнге қызығушылығын арттыру.

7 «А» сынып

7 «Ә» сынып

7 «Б» сынып

8 «A» сынып

8 «Ә» сынып
16.04.2016 ж.күні 6 - 11 сынып оқушылары «Қауіпсіз интернет» тақырыбына сынып сағаты өтілді.
Мақсаты: Өскелең ұрпаққа компьютер заманында интернеттің пайдасы мен зиянын ажырата білуге үйрету. Сөздік қорларын молайту, сөйлеу мәдениетін дамыту. Адамгершілікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу. Өз денсаулықтарын сақтай білуге үйрету.


20 - 21.04.2016 ж. күні 9 - 10 сынып оқушылары арасында пікір-талас (дебат) өтті.
Бүкіләлемдік өрмек – интернетке байланысты оқушылардың білімдерін нығайту, тиянақтау, оқушылардың интернет туралы толық ой қалыптастыру, оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, пәнге қызығушылығын арттыру, өз ойларын тиянақты жете айта біліп, сахнада өздерін сабырлы әрі тәртіпті ұстауды ескеріп, қарсыластарын тыңдай білуге тәрбиелеу мақсатында 10 «А», 10 «Ә» сынып оқушылары арасында «Интернетті қолдау және қолдамау» тақырыбында информатика пәнінің мұғалімі Г.Г. Жумагатованың ұйымдастыруымен, информатика пәнінің мұғалімі А.К. Оралованың ұйымдастыруымен 9 «А», 9 «Ә» сынып оқушылары арасында пікір-талас (дебат) өтті.
Қазіргі «ХХІ ғасыр білім мен ғылымның ғасыры болады» - деп Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев айтқандай, қоғамымыз, жастарымыз заман талабына сай жаңа ақпараттық технологиямен жұмыс жасауға бет бұрып келеді. Соның ішінде, Интернет пен әлеуметтік желілердің алатын орны жоғары көрсеткіште тұр. Бүгінгі жасөспірім оқушылар және үлкенді- кішілі адамдар интернет және әлеуметтік желілер арқылы хат алысып, танысып, тіпті отбасын құрып жатыр. «Таяқтың екі ұшы бар» дегендей интернет пен әлеуметтік желілердің де жақсы- жаман жақтары бар. Осы жайында оқушылардың ой- пікірлерін таразыға салып көрдік.
Қатысушылар:
- «Самғар» тобы, 10 «А» сынып оқушылары (жақтаушы);
- «Мұрагер» тобы, 10 «Ә» сынып оқушылары (даттаушы)


Қатысушылар:
- «Парасат» тобы, 9 «А» сынып оқушылары (жақтаушы);
- «Ақиқат» тобы, 9 «Ә» сынып оқушылары(даттаушы)

Оқушылардың дайындығының аздығына қарамастан, дебат барысында екі жақ та өз ойларын толық жеткізіп, дәлелдей алды. Жақтаушы топ мектеп оқушыларының интернетке тәуелділігінің мүмкін зардаптарын көрсетсе, даттаушы топ жас ұрпақтың саналы ортада, саналы отбасында, саналы қоғамда білім, тәрбие алса алаңдаудың қажеті жоқ екенін дәлелдей алды. Ойын соңында әділ-қазылар айтылған ойларды саралап, қорытындылап, әділ бағасын берді. Ойында «Достық» жеңді!
11-22 сәуір аралығында барлық сыныптар «Қауіпсіз интернет» тақырыбында ақпаратандырылды

Орындаған: информатика пәнінің мұғалімдері
Жумагатова Г.Г., Оралова А.К., Сыздык Е.С.