Салалар
Талқылаулар
Новость
Жалпықалалық сенбілік
Астана қаласы №72 мектеп-лицейінің оқушылары қалалық сенбілікке бір кісідей ат салысып қатысты. Еліміздің оның ішінде Астана сияқты негізгі елордамыздың көркейіп күн санап өсіп келе жатқан жағдайында таза ауа, мөлдір су, көркем табиғатының гүл жайнап құлпыруына жас жеткіншектердің өз үлестерін қосуы көңілге қуаныш сыйлайды. Мектеп қабырғасында тәрбиеленіп өсіп жатқан болашақ ұрпақтың туған жерге, Отанға деген сүйіспеншіліктері әрбір істерімен жағымды екенін түсінуге болады. Жас ұрпақ бүгінгі үлестері арқылы болашақтың кірпішін қалай отырып, еңбек сүйгіштікке, қамқорлық жасауға, туған табиғатты сақтап, молайтуға атсалысулары өздерінің адами парыздары екендігін терең түсінеді.
Қаламыздың ең негізгі аудандарының бірінде орналасқан мектептің айналасы әрдайым көркемдігімен көз тартуына әрбір оқушы өз үлесін ұтымды қоса білді.Оқушылар еңбек құралдарымен мектеп үлескісіндегі әр сыныпқа алдын-ала бөлінген шағын аймақтарды қураған бұтақтардан, қоқыстардан, тұрмыс қалдықтарынан тазартып, өздерінің мектеп ауласын көркейтуге қосатын үлестерін зор жауапкершілікпен атқара білді. Сонымен қатар оқушылар өз үлескілеріндегі жерді қазып топырақты қопсытып, көк желек отырғызуға дайындады.
Мектебіміздің түлектері өз тараптарынан жасыл желекті арттыруға мол үлес қоса отырып, аулаға шырша көшеттерін отырғызулары арқылы мектеп ауласының жайқалуымен қатар естелік көшеттерін дәстүрге айналдыруға алғашқы іргетасын қалады.
Әр оқушының бойында еңбексүйгіштік пен Отанға деген патриоттық сезімді қалыптатыру белсенді іс-шаралар барысында айқын байқалады.








