Салалар
Талқылаулар
Новость
«Біз таза - қаланы қолдаймыз» атты жалпықалалық экологиялық сенбілік өтті
23.04.16. жалпықалалық сенбілікке 5-11 сынып оқушылары, сынып жетекшілері және бастауыш сынып бірлестігінің мұғалімдері, мектеп қызметкерлері қатысты.
23.04.16. жалпықалалық сенбілікке 5-11 сынып оқушылары, сынып жетекшілері және бастауыш сынып бірлестігінің мұғалімдері, мектеп қызметкерлері қатысты. Оқушылармен сынып бөлмесін тазалау, мектеп ішін тазалау, мектеп ауласын тазарту, ағаштардың түбін қопсыту, отырғызылған көшеттерді әктеу, қопсыту жұмыстары жүргізілді. Жалпықалалық сенбілік күніне орай, мектепте «Біз таза- қаланы қолдаймыз» атты сынып сағаттары өтті. Сенбіліктің талапқа сай, жоғары деңгейде ұйымдастырылуына сынып жетекшілерінің ықпалы зор болды.
Мектептегі пән мұғалімдер мектеп ішін тазалау, терезелерді жуу, әктеу жұмыстарына тартылды. 8-11 сынып оқушылары мектептің шағын аймақтарын Сейфуллин, Торайғыров, Жангелді, Ш.Айманов, Аймауыт көшелерін тазалауға шықты. 5-7 сынып оқушылары және сынып жетекшілері мектеп ауласын тазарту, ағаштардың түбін қопсыту, отырғызылған көшеттерді әктеу, қопсыту, мектеп ауласының тазарту жұмыстарына тартылды. Барлық қатысқан оқушылар саны - 995, сенбілікке қатысқан мұғалімдер саны - 32, еден жуушы қызметкерлерден - 16 адам шықты. Барлығы: 1043 адам қатысты.
Астана, мектеп аумағын көріктендіру, көгалдандыру және санитарлық тазалау бойынша іс-шаралары осы бір ай көлемінде үнемі өтетін болады. Осындай іс-шараға қатысу арқылы оқушылар өз қаласына, мектебіне деген махаббатын, құрметін, қамқорлығын көрсетеді, барлығы бірге оны одан әрі әсемдей түседі.