Салалар
Талқылаулар
Новость
«Ұланбасы» сайлауының қорытындысы
Сәуірдің 27-і күні мектебімізде «Ұланбасы» сайлауы өтті. Сайлау мектеп мұғалімдерімен қатар 5-10 сынып оқушыларының қатысуымен таңғы 9.00-ден 16.00-ге дейін ашық түрде өтті.
Сәуірдің 27-і күні мектебімізде «Ұланбасы» сайлауы өтті. Сайлау мектеп мұғалімдерімен қатар 5-10 сынып оқушыларының қатысуымен таңғы 9.00-ден 16.00-ге дейін ашық түрде өтті. Сайлау комиссиясы 5 адамнан құрылды. Сайлаудың басты мақсаты - «Жас Ұлан» ұйымының жұмысын жан-жақты жүргізетін жауапкершілігі мол, белсенді оқушыны сайлау. Сайлауға 9 үміткер қатысты. Барлық үміткерлер мектеп өміріне белсенді ат салысатын үлгілі оқушылар болып табылады. Сайлау қорытындысы бойынша 5-10 сынып аралығынан 1081 оқушымыз дауыс беріп, оның ішінен 1067 оқушылардың дауыстары қабылданып, 14 дауыс жарамсыз болып табылды. Сайлаудың нәтижесі бойынша үміткерлердің жинаған дауыстары төмендегідей болды:
Амангельдин Дамир- 492 дауыс
Хусаинова Дина- 241 дауыс
Ақжол Шұғыла- 102 дауыс
Мурзақұл Меруерт- 82 дауыс
Полатова Зәуре- 62 дауыс
Смаилова Меруерт- 34 дауыс
Куралова Ақтоты- 27 дауыс
Ғайса Арайлым- 26 дауыс
Николаев Азиз- 15 дауыс
Амангельдин Дамир - Мектеп «Ұланбасы» атанды.
Хусаинова Дина - таным бағытының төрайымы,
Ақжол Шұғыла - руханият бағытының төрайымы,
Мырзақұл Меруерт - парасат бағытының төрайымы,
Хусаинова Дина - таным бағытының төрайымы,
Ақжол Шұғыла - руханият бағытының төрайымы,
Мырзақұл Меруерт - парасат бағытының төрайымы,
Полатова Зәуре - салауат бағытының төрайымы,
Ғайса Арайлым- «Жас Ұлан» кеңесінің мүшесі,
Николаев Азиз- «Жас Ұлан» кеңесінің мүшесі,
Смаилова Меруерт - «Жас Қырандар» төрайымы болып тағайындалды.








