Салалар
Талқылаулар
Новость
«Шынайы көшбасшы - ХХІ ғасыр патриоттары»
14.04 күні Астана қаласының №4, №38, №63, №64, №37, №16, №20, №21, №34, мектептерінің Ұланбасылары №52 мектеп - гимназиясында бас қосып, мектеп Ұланбасыларының бүгінгі жасап отырған жұмыстарына баға берді.

№52 мектеп –гимназия тәрбие ісі орынбасары Л.Аппазова көздеген мақсатына орай жасалған жұмыстарына тоқтала келіп, тәрбие моделіне «ТОЛЫҚ АДАМ» жобасын ұсынды және «Шынайы көшбасшы болатын тұлғаның бүгінгі мектептегі бейнесі қандай? – деген сұрақпен Ұланбасыларға ой тастады. Әрі қарай, №52 МГ Премьер – министрі Бекнұр «дөңгелек үстелді» жүргізіп, «Көшбасшыға тән қасиеттер?», «Тарихта болған шынайы көшбасшылар» сұрақтармен өрбітіп, мектеп Президенттері өз ойларын ортаға салды, мектептерінен мысалдар келтіріп, презентация қорғады.
Келген тәрбие ісі орынбасарлары, аға тәлімгерлер мен мектеп Ұланбасылары кездесуді жоғары бағалады.