"Қоғамдық пәндерді оқытуда жаңаша әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту"
Бүгін мектебімізде "Қоғамдық пәндерді оқытуда жаңаша әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту" тақырыбында семинар болып өтті.
Бүгін мектебімізде "Қоғамдық пәндерді оқытуда жаңаша әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту" тақырыбында семинар болып өтті. Семинарда қазақ тілі, дүние жүзі тарихы, орыс және ағылшын тілі пәндерінің мұғалімдері сабақ өткізді. Сабақ үдерісіне қатысып шыққан мұғалімдер "Шығармашылыққа баулу баланы - бүгінгі күннің талабы" тақырыбында өткен ата-аналарға, оқушылар және ұстаздарға арналған сыр-сұхбатқа қатысты. Дарынды оқушыларымыз бен олардың ата-аналары, мұғалімдер өз ойларын ортаға салды. Бағдарлама бойынша өткізілген ашық сабақтар мен сыр-сұхбатқа басқа мектептерден келген әріптестеріміз жоғары баға берді. Семинар соңында педагогикалық шеберлік орталығынан келген аға тренер Гүлжанат ханым деңгейлік бағдарламаның негізгі идеяларының бірі ата-ананың қолдауы, оқушы үнінің тыңдалуы іске асырылып, мұғалім, ата-ана, оқушы болып бірлескен жұмыстың үйлесімді жүргізіліп жатқанына алғыс білдірді. 2015-2016 оқу жылында мектебіміз "Үздік шығармашыл мектеп" атанды.