Аудандық Абай оқуларының Бас жүлдесі мен І орынын еншіледік
Бүгін №61 орта мектепте Сарыарқа ауданы бойынша аудандық Абай оқулары өтті.
Бүгін №61 орта мектепте Сарыарқа ауданы бойынша аудандық Абай оқулары өтті. Байқауға қатысқан мектебіміздің өнерлі оқушылары топ жарып, Бас жүлде мен І орынды еншіледі. "Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда" аталымы бойынша өз шығармашылығымен қатысқан 7 "Ә" сынып оқушысы Ұзақбаева Шапағат Бас жүлдеге қол жеткізсе, "Көңілім әнді ұғады" аталымы бойынша 7 "В" сынып оқушысы Дарбаев Ғалымжан Абай атамыздың "Сегіз аяқ" әнін домбыраның сүйемелдеуімен шырқап І орынды иеленді. Құттықтаймыз!