Жақында Астана қаласы Білім басқармасының ұйымдастыруымен №67 мектеп-гимназиясында қалалық Мағжан оқулары өтті.
Жақында Астана қаласы Білім басқармасының ұйымдастыруымен №67 мектеп-гимназиясында қалалық Мағжан оқулары өтті. Жас дарындар сайысында "Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған" аталымы бойынша мектебіміздің жас ақыны, 7 "Ә" сынып оқушысы Ұзақбаева Шапағат Бас жүлдені иеленіп, Республикалық Мағжан оқуларына жолдама алды. Алар асуы әлі алда деген сеніммен Шапағатқа тек қана сәттілік тілейміз!
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Сағидолда Қ.