Салалар
Талқылаулар
Новость
Қауіпсіз Интернет
11.04.16-22.04.16 жыл аралығында С.Мәуленов атындағы №37 орта мектепте ақпараттық науқан бойынша «Қауіпсіз интернет» апталығы өтті. Сынып жетекшілер мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының ұйымдастыруымен 1-4 сыныптар аралығында «Интернет дегеніміз не?», 5-8 сыныптар аралығында «Пайдалы және қауіпсіз интернет» атты сынып сағаттары өтілді. Сондай-ақ түсіндіру жұмыстары ретінде 14.04.16 күні мектепішілік «Интернет дегеніміз не?» атты тақырыпта ата-аналар жиналысы өткізілді.
Апталық жұмыс кезеңінде Байтемірова.Н.Б және Шаймерденова.Ж.Р ұйымдастыруымен 7-сыныптар арасында «Интернет желісінен қайырымдылық күтемін» атты плакат сайысы, 9-11 сыныптар аралығында Жұмабай.Н.С, Аукенова.Г.Х «Желімен байланысқа түсудегі мәдениеттілік» тақырыбында шығарма сайысын өткізді. Информатика пәнінің ұстаздары Серікбекова.Б.А, Апитова.Б.Қ «Менің өмірімдегі интернет» шығармашылық сайысын, мектеп инспекторы мен әлеуметтік педагогтер «Оқушының интернетке тәуелділігін алдын-алу» түсіндіру жұмыстарын, мектеп психологтары Нұрмаханова.С.Б, Шегербаева.С:Б «Интернеттің пайдасы мен зияны» атты тақырыпта 7-9 сыныптар арасында тренинг өткізді. 22.04.16 күні сағат 9.40 апталықтың жабылуы мақсатында «Қауіпсіз интернет» науқанының жабылу жиыны өткізілді.
Өткізілген шаралардың барлығы оқушыларды, ата-аналарды, ұстаздарды «қауіпсіз интернет» ұғымы туралы көптеген ақпараттармен танысып, ол туралы түсініктің қалыптасуына септігін тигізді деп ойлаймыз.