Салалар
Талқылаулар
Новость
«Әкелер» слеті
Сарыарқа ауданы мектептері арасында «Әкелер» слетінің аясында «Өзіңді сына» әскери - спорттық жарыс өткізілді.

30.04.2016ж. күні Сарыарқа ауданы мектептері арасында «Әкелер» слетінің аясында «Өзіңді сына» әскери - спорттық жарыс өткізілді.
Ұйымдастырушылар: Білім басқармасы және №15 мектеп-лицейі.
Қатысқандар: Сарыарқа ауданы мектептерінің әкелері және де қала бойынша өткен әкелер конкурстарының жеңімпаздары.
Іс-шара 2 бөлімнен тұрды. 1-ші бөлімде әскери-спорттық ойын түрі өтеді, ал екінші бөлімде қала мектептері бойынша өткен конкурстардың марапаттау рәсімі өтті.
Жарысқа әр мектептен 1 әке қатысты. Әскери-спорттық жарыс 3 станцияға бөлінді, қатысушы әр әке осы үш станциядан өтіп, ойын түрлеріннен сынға түсті.
№1 станциясы:№№1,2,3,6,7,14,15,18,19 мектептерінің қатысушылары ақ футболка, қара спорттық шалбар, ақ бейсболка, №2 станциясы: №20,21,25,26,29,34,35,36,40,41 мектептерінің қатысушылары қызыл футболка, қара спорттық шалбар, қызыл бейсболк, №3 станциясы: №46,56,58,60,61,62,65,67,68 мектептерінің қатысушылары сары футболка, қара спорттық шалбар, сары бейсболка киді.
Әскери-спорттық жарыс 8 түрден өтті. Олар: гир көтеру, білек күшін сынасу, кермеде /турник/ тартылу, ұзындыққа секіру, себетке доп түсіру, автоматты бөлектеу мен жинақтау, пневматикалық қарудан нысанды дәлдеу, газ тұмылдырықты киіп, шешіп, бүктеп орнына қою ойын түрлері өткізілді.
Марапаттау рәсімі:
Бас жүлдені №3 метеп /А.Абенов/, 1-ші орынды №1 мектеп /Е.Джумашев/, 2-ші орында №46 мектеп /А.Акбердиев/, 3-ші орында №21мектеп /А.Хейтбек/, 3-ші орынды №47 мектеп /С.Шульгин/ және мақату қағазы №58 мектеп /Б. Бимендин/ жеңіп алды. Жеңімпаздар медальдармен және дипломдармен марапатталды. Құттықтаймыз!