Салалар
Талқылаулар
Новость
1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні
№15 мектеп-лицейінде «Қазақстан бейбітшілік пен келісімнің мекені» тақырыбында Сарыарқа мектептері №№1,2,14,15,18,20, 25,29,34,35,36,40,41 арасында плакаттар сайысы өткізілді.
3 мамыр күні №15 мектеп-лицейінде «Қазақстан бейбітшілік пен келісімнің мекені» тақырыбында Сарыарқа мектептері №№1,2,14,15,18,20, 25,29,34,35,36,40,41 арасында плакаттар сайысы өткізілді.
Мақсаты:көпұлтты Қазақстан Республикасының халықтар достығы – еліміздің бірлігінің кепілдігі екендігін таныту. Әр халықтың өнері, оның рухани байлығының негізін баланың жүрегіне өз ұлтының тілін, дінін біле отырып, өзге ұлттың рухани байлығын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
«Қазақстан бейбітшілік пен келісімнің мекені» тақырыбында өткен плакаттар сайысына әр мектептің оқушылары өз қолдарымен суреттер салып жарысқа түсті. Плакаттар сайысында:
1 орынды-№2 мектеп,
2 орынды-№15 мектеп,
2 орынды-№36 мектеп,
3 орынды-№35 мектеп,
3 орынды- №20 мектептер иеленді.