Салалар
Талқылаулар
Новость
Ұлы жеңіске 71 жыл
Ұлы Отан соғысының атысы басылғалы міне биыл 71 жыл болды. 71 жыл бойы соғыста қайтыс болған, із-түссіз жоғалған, әскери тұтқында жоғалған жауынгерлерімізді жоқтаудамыз. Уақыт зымырап өтіп жатыр.
Ұлы Отан соғысының атысы басылғалы міне биыл 71 жыл болды. 71 жыл бойы соғыста қайтыс болған, із-түссіз жоғалған, әскери тұтқында жоғалған жауынгерлерімізді жоқтаудамыз. Уақыт зымырап өтіп жатыр.

Кешегі жас жауынгерлер, бүгінгі жас ұрпақтың атасы борлды. Әр жыл сайын әскери мерекелік шеруге келетін жауынгерлер саны азайып бара жатыр. Өкінішке орай, күндердің бір күнінде шеруге бірде бір ардагер келмейтін уақыттың болатыны мәлім. Алайда бізге бейбітшілік пен өмір сыйлаған батырларымызға деген мәңгі естелік, құрмет және шексіз ризашылығымыз қалады.

Тарихта Ұлы Отан соғысындай қасіретті соғыс болған емес. Сондықтан 9 мамыр мерекесі – Ұлы мереке деп есептеледі. Ал біз, қаһармандардың буыны ретінде, аталарымыздың, арғы аталарымыздың бастан кешкен тағдыры мен оқиғаларын, олардың есімдерін ұрпақтан ұрпаққа жеткізуіміз керек.
Дәл осындай мақсатпен 9 мамыр күні мерекесіне орай № 31 мектеп-гимназиясында «Атақ-даңқ галереясы» ұйымдастырылды. Әр адам өз қалауымен соғысқа қатысқан туысқанының суретін әкеліп, оның өмірі мен ерлігі жайлы айтып, алғыс сөзін білдіре алды. Біршама суреттер естелік қабырғасына ілінді. Оның жанынан ешкім бей-жай өте алмады. Өйткені бізге жайдарлы жылы жүзбен жас жауынгерлер мен мұңлы жүзбен көпті көрген аталарымыз қарап тұрғандай болды. Сол суреттерден олардың қарапайым, бірақ өте маңызды, қажетті болған өмірлері көз алдымызда жүгіріп өтті. Көптеген ардагерлеріміз өмірден озды. Соған қарамастан біз оларды сүйіспеншілікпен, ризашылықпен, құрметпен еске алып тұрамыз. Ешкім ұмытылмас, ештеңе естен кетпес...
Ардагерлерді барында ардақтайық ағайын!
Е. С Засадская