Салалар
Талқылаулар
Новость
"Үздік мұғалім " байқауы өтті
14 мамыр күні №48 мектеп-лицейде "Үздік мұғалім " байқауы өтті. Байқауға барлығы 6 мұғалім қатысты. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Аренова Жәмила, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тулендиева Айгул, бастауыш сынып мұғалімі Мырышпаева Әсем, биология пәнінің мұғалімі Абдикадырова Айгүл, денешынықтыру пәнінің мұғалімі Қуанбек Жанатхан, математика пәнінің мұғалімі Бакенова Айгүл қатысты.
14 мамыр күні №48 мектеп-лицейде "Үздік мұғалім " байқауы өтті. Байқауға барлығы 6 мұғалім қатысты. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Аренова Жәмила, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тулендиева Айгул, бастауыш сынып мұғалімі Мырышпаева Әсем, биология пәнінің мұғалімі Абдикадырова Айгүл, денешынықтыру пәнінің мұғалімі Қуанбек Жанатхан, математика пәнінің мұғалімі Бакенова Айгүл қатысты. Байқау қорытындысы бойынша Бас жүлдені математика пәнінің мұғалімі Бакенова Айгүл жеңіп алды. І жүлделі орынды орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тулендиева Айгул Кенесбаевна, ІІ жүлделі орынды Аренова Жәмила, ІІІ жүлделі орынды Қуанбек Жанатхан иеленіп, «Жаңашыл ұстаз» номинациясымен Мырышпаева Әсем, «Шығармашыл ұстаз» номинациясымен Абдикадырова Айгүл марапатталды. Байқауға қатысқан барлық ұстаздарға Үлкен Алғысымызды білдіреміз. Еңбектеріңіз жана берсін. Тек биік шыңдардан көрініңіздер. Республикалық сайыстарда да жеңіс тілейміз.

Байқаудың мақсаттары мен міндеттері:
- кәсіби деңгейі жоғары және шығармашыл педагогтарды анықтау;
- білім беру мен тәрбиелеуде жаңа тиімді педагогикалық технологияларды анықтау.
- алдыңғы қатарлы мұғалімдердің іс -тәжірибесін насихаттау және тарату;
- мұғалімнің қоғамдық оң имиджін қалыптастыру.
Байқау 2 турда өткізіледі :
1-ші іріктеу кезеңі:
Қатысушы мектептің ұйымдастыру комитеті келесі құжаттарды тапсырады:
- ӘБ ұсыныс хаттамасы;
- қатысушының сауалнамасы;
- басылған өнімдер, авторлық бағдарламалар;
- 20 минуттық "Мұғалімнің визиттік карточкасы" туралы үн-бейне таспалар;
- байқауға қатысушының өткен оқу жылындағы қоғамдық жұмыстарын көрсететін жұмыс жүйесін суреттеу (шығармашылық баяндама түрінде);
- оқушылардың өз мұғалімдері туралы шығармашылық жұмыстары (шығарма, хат, эссе, этюд) немесе мына тақырыптардың («Менің көзқарасым бойынша ұлттық білім моделі», «Мен үшін оқушы, класс, мектеп ұғымы нені білдіреді», «Шеберлік-класы») біріне қатысушының шығармашылық жұмысы, эссесі.
- басқа қоғамдық маңызды материалдарын өткізді.
2-ші күндізгі кезеңі: 1) «Өзін-өзі таныстыру» байқауы. Қатысушы өзін-өзі таныстырады, сонымен қатар оның педагогикалық ұстанымын көрсететін эмблемасын, девизін ұсынады.
Бағалаудың шарттары: педагогикалық ұстанымының өзектілігі және дәйектілігі, эмблеманың сәйкестігі, педагогикалық ұстанымның девизі, сахналық шеберлігі.
Ең жоғарғы баға - 5 ұпай.
Берілген уақыты - 5 минут.
2) "Барлық пәндер жақсы" байқауы. Қатысушы мамандығы бойынша оқу пәнінің жақсы және қызықты жақтарын көрсететін, шығып сөйлейтін сөзін алдын-ала дайындап алады.
Бағалаудың өлшемдері: педагогикалық даралығының көрінісі, шығармашылығы, сахналық шеберлігі.
Ең жоғарғы баға – 3 ұпай.
Берілген уақыты – 3 минут.
3) "Педагогикалық идеяны қорғау" байқауы. Әрбір қатысушы жазбаша шығармашылық тапсырманы схема-кесте түрінде, тірек конспект, слайдтар және т.б. түрінде дайындайды.
Бағалау өлшемдері: өзектілігі және ғылыми дәйектілігі (2 ұпай) идеяны тереңдетіп ашу, материалды беру технологиясы, шығармашылық үйлесімділігі және безендіру.
Ең жоғарғы баға - 5 ұпай.
Берілген уақыты - 5 минут.
Байқаудың жеңімпаздарын марапаттау туралы №48 мектеп-лицейдің бұйрығымен бекітіледі.
