Салалар
Талқылаулар
Новость
№8 орта мектебінің Ұлы Отан соғысы жеңісінің 71 жылдығы аясында ұйымдастырылған іс-шаралар
Сәуір айының 29-ы күні мектептің акт залында 5-8 сынып оқушыларымен ауған соғыс ардагері Қ.Шотановпен кездесу өткізілді. Оқушылар өзіне тиісті сұрақтарын қойып, қызығушылықпен тыңдады.
30-ы сәуір күні «Жеңіс туы желбіреп» атты тақырыбында шығарма жазу байқауы өткізілді. Байқауға 5-11 сынып арасында 11 оқушы қатысты. Нәтижесінде 1 орынға 10в сыныбынан Жанель Дидар, 2 орынға 9б сыныбынан Слам Наурыз, 3 орынға 8ә сыныбынан Рахматуллаева Таннур иеленді.
Мамыр айының 06-ы күні мектебіміздің барлық сыныптарында «Олар Отанды қорғаған» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Тәрбие сағатының мақсаты: Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы Жеңіс туралы мағұлмат беру. Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың, соғыстан оралған, қазіргі кезде арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерлігін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу. Барлық талапқа сай, берілген тапсырманы жоғарғы деңгейде орындаған келесі сыныптар: 1а, 1ә, 1в, 2ә, 3б, 3в, 4а, 4б, 5ә, 5а, 6а, 6г, 7а, 7ә, 7б, 8а, 8ә, 8б, 8в, 9а, 9ә, 9в, 9д, 10а, 10ә, 11ә осы аталған сыныптарда сынып сағаттары ардагерлермен және ата-аналарының қатысуыменен өткізілді.
Мамырдың 06-ы күні мектептің акт залында «Ұмытылмайтын отты жылдар мен Ұлы Жеңіс» тақырыбында тарихи-сахналық кеш өткізілді. Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, оларға патриоттық тәрбие бере отырып, өз елін, жерін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу.
Cәуір айының 25-нен 12-ші мамыр аралығында «Ер есімі-ел есінде» атты көрме өткізілді.