Салалар
Талқылаулар
Новость
Еуропалық одақ сабағы
Іс-шараға Чехия елінің елшісі Ладислав Штайнхюбел қатысты
06.05.2016ж. күні №15 мектеп-лицейінде 11 сынып оқушыларымен «Еуропалық одақ сабағы» жалпы тақырыптық іс-шараға өтті.
Іс-шараға Чехия елінің елшісі Ладислав Штайнхюбел қатысып оқушылармен пікір алысып, ағылшын тілінде әңгіме жүргізді. Кездесу соңында Ладислав Штайнхюбел 11 сынып түлектеріне ағылшын тілінде сұрақ қойып, білімдерін шыңдандырды. Белсене қатысқан оқушыларға құрмет ретінде сыйлықтар табыс етті. Оқушыларға кездесу өте көп әсер қалдырды. Келген қонақ Штайнхюбел мырза мектеп директоры Жаркенов Бауыржан Қапарұлына өз елінің тарихы туралы жазылған кітапты сыйға берді.
Ал мектеп Бауыржан Қапарұлыда қонақтарға изгі ниетін білдіріп, «Нұрсұлтан Назарбаев» атты кітапты тартты.