Салалар
Талқылаулар
Новость
Дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мектебіне қабылдау туралы
Дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мектебіне, түсетін жылы Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектебінің 6-сыныбын бітірген балалар қабылданады.
Дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мектебіне, түсетін жылы Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектебінің 6-сыныбын бітірген балалар қабылданады.
Құжаттарды қабылдау тәртібі
Дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мектебіне түсуге конкурстық іріктеуге қатысу үшін үміткер келесі құжаттарды тапсырады:
- конкурсқа қатысу үшін өтініш;
- ережеге сәйкес толтырылған сауалнама;
- үміткердің туу туралы куәлігінің көшірмесі;
- үміткердің оқу орнынан анықтамасы;
- үміткердің оқу орнынан үлгерім табелі;
- үміткердің жеке жетістіктерін растайтын құжаттар(математика пәні бойынша жетістіктері)
- сынып жетекшісінің оқушыға берген мінездемесі
Үміткердің соңғы екі оқу жылындағы оқу және қоғамдық өміріндегі жетістіктерін көрсететін, білім алып жатқан ұйымының мекеме басшысының мөрімен расталған мақтау қағаздары, диплом, сертификаттарының көшірмесі (егер болса). Барлық құжаттар пластикалық тезтікпеге (скрошиватель) салынады.
Құжаттарды қабылдау 20.05-30.05.2016 ж сағат 10-00-13-00 аралығында жүргізіледі.
Конкурсты өткізу тәртібі
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарын Ережеге сәйкес тапсырған үміткерлер жіберіледі. Конкурс 2 кезеңнен тұрады.
Емтихан 11-12 маусым 2016 жыл аралығында өткізіледі.
Бірінші кезеңде математика мен логика бойынша іріктеу тестілеуі ( 25 сұрақтан тұратын тест тапсырмасы, тапсырмалардың міндетті түрде шығарылу жолы көрсетілуі керек) Орындау ұзақтығы 90 минут.
Конкурстың екінші кезеңіне бірінші кезең қорытындысы бойынша жоғары балл жинаған үміткерлер жіберіледі (рейтинг бойынша).
Екінші кезеңде қазақ тілі бойынша-25 тест (20 тест тапсырмасы, 5 сұрақ-мәтінмен жұмыс), орыс тілі бойынша -25 тест тапсырмасы , ағылшын тілі бойынша -30 тест тапсырмасы, психологиялық тестілеу (әңгімелесу)
Екінші кезең тапсырмаларын орындауға берілетін уақыт -120 минут.