Салалар
Талқылаулар
Новость
«Үздік жас маман» атты байқау өтті
Жас мамандар өздерінің өнерлерімен, шығармашылығымен, даралығымен, шеберліктерімен көрермендерді тәнті етті. Алдағы уақытта да қанаттарыңыз талмасын, еңбектеріңіз жана берсін демекшіміз.
20 мамыр күні №48 мектеп-лицей жас мамандары арасында «Үздік жас маман» атты байқау өтті. Байқауға барлығы 10 жас маман қатысты.
Байқаудың мақсаты:
- Жас мамандардың беделін көтеру және оларды ынталандыру
Байқаудың міндеті:
- Жас мамандардың жаңашыл тәжірибелеріне қолдау көрсету,
- Кәсіби педагогикалық шеберлігін өсіру;
- Жас маманға көмек көрсету;
I кезең (сырттай) кезеңде портфолио конкурсы, тақырып бойынша эссе жазу, бейнесабақ немесе сыныптан тыс жұмысты өткізді.
II кезеңде
1. Өзін-өзі таныстыру (5 мин)2. «Менің педагогикалық шеберлігім» жоба (слайдпрезентация) ( 3-5 мин)
3. Ситуациялық сұрақтар
4. «Педагогикалық дебют» шығармашылық өнерімен таныстыру (3 мин)
Байқаудың қорытындысында «Үздік жас маман» жүлдесін физика пәнінің мұғалімі Мерәлі Нұрпейіс жеңіп алды. 1 орынды денешынықтыру пәнінің мұғалімі Төлендиев Нұрділда, 2 орынды бастауыш сынып мұғалімі Биходжаева Әйгерім мен ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Орумбаева Әсел, 3 орынды денешынықтыру пәнінің мұғалімі Сулейменов Әліби, тарих пәнінің Смагулова Арай, бастауыш сынып мұғалімі Әлішер Бибіпатима иеленді. «Жаңашыл ұстаз» номинациясын ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Жамалбек Назым, «Шығармашыл ұстаз» номинациясын Бауыржанова Динара, «Өнерлі ұстаз» номинациясын Тілегенов Наурызбай иеленді.
Жас мамандар өздерінің өнерлерімен, шығармашылығымен, даралығымен, шеберліктерімен көрермендерді тәнті етті. Алдағы уақытта да қанаттарыңыз талмасын, еңбектеріңіз жана берсін демекшіміз.