Салалар
Талқылаулар
Новость
ХАБАРЛАНДЫРУ
2016-2017 ОҚУ ЖЫЛЫНА ОҚУШЫЛАР ҚАБЫЛДАУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ
Дарынды балаларға арналған №81 "Astana English School гимназиясы" 2016-2017 оқу жылының 2-8 сыныптарына оқушылар қабылдайды. 2-8 сыныптарға оқушылар қабылдау қазақ тілі, математика және ағылшын тілі пәндерінен сынақ (тест алу) арқылы, конкурстық негізде жүргзіледі. Конкурсқа 2-8 сыныпты "үздік" және "оқу екпіндісі" үлгерімімен оқып аяқтаған оқушылар қатыса алады. Конкурсқа қатысу үшін табельдерінің көшірмелері ұсынылады.
2-8 сыныптарға қабылдану үшін 28 мамыр күні емтихан жүргізілетінін хабарлаймыз.
Емтиханның басталу уақыты : 9-00.
2-8 сыныпқа қабылдануда төмендегі құжаттар ұсынылады:
1. Мектеп директоры атына өтініш;
2. Оқушының жеке іс-қағазы, мектептің мөрімен бекітілген үлгерімі туралы табельдері;
3. Баланың денсаулық паспорты, медициналық №63, №26 формасы;
4. Баланың туу туралы куәлігі (көшірме);
5. Ата-анасының жұмыс орнынан анықтама;
6. Мекенжай анықтамасы;
7. Ата-анасының жеке куәліктерінің көшірмелері;
8. ЖСН (ИИН) көшірмелері;
9. 3х4 көлемдегі 2 фотосурет;
1-сыныптарға оқушылар қабылдау туралы хабарландыру
Құрметті ата-аналар!
Дарынды балаларға арналған №81 "Astana English School" гимназиясы 2016-2017 оқу жылына 1 сыныптарға оқушылар қабылдайды. 1-сынып оқушыларын қабылдау психологиялық тест жүргізу және ағылшын тілі пәнінен тест алу арқылы конкурстық негізде жүргізіледі.
1-сыныпқа қабылдау:
1-сыныпқа қабылдау емтиханы мамыр айының 28 күні өтеді.
Мектепке қабылдау келесі құжаттар арқылы жүзеге асырылады:
1. Баланың заңды өкілдерінен өтініш;
2. Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
3. Денсаулық паспорты, №26 және егу картасы№63;
4. Мекен-жай анықтамасы немесе өтініш берушінің тұратын орнын анықтайтын басқа құжат;
5. 3х4 көлемдегі 2 фотосурет;
6. Ата-анасының жұмыс орнынан анықтамалары;
7. Ата-анасының жеке куәліктерінің көшірмесі;
8. ЖСН (ИИН) көшірмелері;
9. Бала бақшадан анықтама (егер бар болса).