Салалар
Талқылаулар
Новость
2016 жылдың 21 мамырында өткізілген мәдени-көпшілік, спорттық, достық іс-шаралар
Арнайы жоспармен бекітілген мәдени-көпшілік және спорттық, достық іс-шаралар жоғары дәрежеде өтті. Іс-шараның басты мақсаты жасөспірімдер мен балалардың демалысын тиімді ұйымдастыру, салауатты өмір салтын насихаттау бағытында болатын. Бұл іс-шараға мектептің 1-11 сынып оқушыларынан 1980 оқушы қатысты. Ата-аналардың да белсенділігі зор болды.
Арнайы жоспармен бекітілген мәдени-көпшілік және спорттық, достық іс-шаралар жоғары дәрежеде өтті. Іс-шараның басты мақсаты жасөспірімдер мен балалардың демалысын тиімді ұйымдастыру, салауатты өмір салтын насихаттау бағытында болатын. Бұл іс-шараға мектептің 1-11 сынып оқушыларынан 1980 оқушы қатысты. Ата-аналардың да белсенділігі зор болды.
5-ші сыныптар арасында ұйымдастырылған «Көңілді эстафета» дене тәрбиесінің мұғалімі Сүлейменов Әліби және сынып жетекшілерінің басшылығымен өте сәтті өтті.
І орын- 5 «Ә» сыныбы, жетекшісі Бөстекова Г.
ІІ орын- 5 «В» сыныбы, жетекшісі Үсенова Ш.
ІІІ орын-5 «А»сыныбы, жетекшісі Тохсан Д.
2-4 сынып оқушылары бой жазу жаттығуларын жасаса, 6-шы сынып оқушылары Халық добынан жарысты. Ерекше көзге түскен сыныптар: 2 «В»,3 «А»,2 «Ә»,4 «Б»,4 «Г».
7-ші сыныптардың ұл балалары - футбол, қыз балалары-пионерболдан сайысқа түсіп ата-аналарды, оқушыларды, ұстаздар қауымын қатты қуантты. 7 «А»,7 «Ә»,7«Б» сыныптары белсенділік танытты. 8-9 сыныптар мини футболдан турнир, ал 10-11 сыныптар арасында «Жеңіл атлетикадан» сайыс өтті.
8 «Ә», 8 «Г»,9 «А»,9 «Б»,10 «А», 10 «Ә»,10 «Б»,11 «А»,11 «Ә» сыныптары жүлделі орындарға ие болды.
Барлық іс-шараны ойдағыдай өткізуге жауапкершілікпен қараған дене тәрбиесінің мұғалімдері Жанатқан Қуанбек, Байдол Хайралас, Әбішова Алтын, Төлендиев Н - ға және сынып жетекшілеріне мектеп әкімшілігі үлкен алғыс айтты.
Бұл күні көпшілік көңілінен шығып жүрген дәстүрлі шаралардан бөлек, бағыты жаңа, мазмұны тың мерекелік көңіл-күй сыйлайтын концерттік сазды бағдарлама да болды.
Негізгі мақсат спорттық және мәдени іс- шара арқылы жасөспірімдерді құқық бұзушылықтың алдын алуға тәрбиелеу болатын. «Салауатты ұлт-салауатты ұрпақ », «Еліміз - достық пен татулық мекені », «Ынтымағы жарасқан әсем, Астанам!» атты көркем сөздер іс-шараның ажарын аша түсті. Осындай мәдени-спорттық көпшілік іс-шаралар өз жалғасын таба береді.