Салалар
Талқылаулар
Новость
Сыңғырла, соңғы қоңырау.
Салтанатты шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы енгізіліп, Қазақстан Республикасы Әнұранының орындалуымен басталды. Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп қабырғасын имене аттаған ұл-қыздардың ойы толып, бойы өсіп, соңғы қоңырау салтанатына келді.
Салтанатты шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы енгізіліп, Қазақстан Республикасы Әнұранының орындалуымен басталды.
Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп қабырғасын имене аттаған ұл-қыздардың ойы толып, бойы өсіп, соңғы қоңырау салтанатына келді.
Мектеп деген - білім кені, жыр кені.
Мектеп деген – ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген – даналардың мекені –
деген бастаушылар сөзімен басталған салтанатты жиын өз мақсатына жетті. Бастауыш сыныптар мен орта буын сыныптарында өткен бұл мерекеге ұстаздар, ата-аналар,оқушылар қатысты. Мектеп директоры Зәуре Жақанқызы оқушы мен ұстаздарды мерекелерімен құттықтап, оқушыларға ақ тілегін айтты. Шара соңында қоңырау соғылып, әсем ән айтылды. Салтанатты іс - шарада мектебіміздің өнер жұлдыздары, қоғамдық жұмыстарға атсалысқан ата-аналар Мақтау қағазымен марапатталды.
