Салалар
Талқылаулар
Новость
«Жұлдыздар шеруі» думанды кешінде Жұлдыздар марапатталды
2016 жылдың 20 мамырында мектебімізде «Жұлдыздар шеруі» думанды марапаттау кеші өтті. Кеште 2015-2016 оқу жылын үздік білім нәтижесімен аяқтаған, пәндік олимпиада мен ғылыми жобалар сайысының жеңімпаздары және өнер, спорт саңлақтары марапатталды. Мектебімізге жанашыр, қоғамдық жұмыстарға белсенділік танытқан ата-аналар да марапатталды. Мектеп директоры Айтжан Ермұханқызы сөз алып, барлық оқушыларды оқу жылының аяқталуымен құттықтады. Мектеп өнерпаздары би билеп, ән шашуларын арнады.