Салалар
Талқылаулар
Новость
Сыңғырла, Соңғы қоңырау!!!
Міне, тағы бір оқу жылы аяқталып, өнері мен білімін өз бойларына өре білген еліміздің ертеңгі тізгінін қолға алар түлектеріміздің ұстаздарымен қоштасу мерекесі де келді. Бұл күн – мектеп тарихында, мектеп бітіруші түлектердің есінде мәңгі өшпейтін күн. Биыл мектебімізден 92 түлек түлеп ұшқалы тұр.
2016 жылдың 25 мамырында мектебімізде салтанатты түрде «Сыңғырла, Соңғы қоңырау» атты мерекелік кеш өтті. 92 түлек қоштасу вальсін билеп, ұстаздарына жүрекжарды құттықтау тілектерін жеткізді. 5 сынып оқушылары түлектерге құрмет көрсетіп, бірыңғай вальс биін ұсынды. Сәулелі жұлдыздар түлектердің болашағына көз салып, армандарының орындалуына тілек білдірді. 11 сынып оқушылары Білім кілтін ізбасарлары 10 сынып оқушыларына салтанатты түрде табыс етті.
Ендеше, жас түлектерге Сәт Сапар тілейміз.