Салалар
Талқылаулар
Новость
"Күншуақты жаз-2016" мектеп жанынан ашылған жазғы сауықтыру лагері басталды.
Мектеп оқушыларының жазғы демалысы — олардың жақсы тынығып, денсаулықтарының нығайып, нағыз ойы мен бойының өсіп, кемелденетін шағы. Жазғы демалыс уақыты басталысымен мектеп жанынан ашылған лагерьлердің жұмыстары қыза бастайды. Жыл өткен сайын демалыстың бұл түрі де өзгешеленіп, маңызы тереңделе түсуде."Алақай, жаз келді!" деп қуанған әр бала жазғы демалысқа шықты. Мектеп жанынан ашылған "Күншуақты жаз-2016" сауықтыру лагері балаларға жарқын көңіл-күй сыйлауға дайын.Мектеп жанынан ашылған лагерьде балалар үйірмелерге қатысады, уақыттарын тиімді әрі қызықты етіп өткізеді.Демалыс уақытының көңілді өтуі, ең алдымен оның жұмысының жүйелілігіне де тікелей байланысты.Мұндағы демалушы балалар «Шартарапты шарлаймыз» атты ағылшын тілін тереңдететін бағдарламаларды игерсе, «Если бы я…» атты үйірме орыс тілінде сөйлейді. Ертегі тыңдамай бала өспейді. «Ерте, ерте, ертеде» атты үйірме жұмысы қазақтың халық ертегілеріне арналды. «Күншуақты жаз» лагерінің жұмысы «Сәлем, әлем» әнімен басталып, би алаңына жиналған балалар кешенді жаттығулар жасайды.Балалар сабақтан қолдары босап, босқа уақыт өткізбей, өздерінің демалыстарын тиімді пайдалануға болатындығына көз жеткізеді. Ең бастысы, балалар демалысқа арналған уақыттарын демалысқа жұмсайтынына сенімдіміз.