Салалар
Талқылаулар
Новость
Қоңырау сыңғыры мәңгілік!
№52 мектеп-гимназияда дәстүрлі «Сыңғырла, соңғы қонырау» мерекесі ерекше салтанатты жағдайда өтті. Мектеп- гимназиядан түлеп ұшқан 54 жас түлекті мектеп директоры Байтасова Ұлболсын Бекмырзаевна құттықтап, мәңгілік ел мұра мен ел ордасы - Астананың мәртебесіндей игіліктер тілеп, ата-ана мен ұстаздар қауымына, түлектерге сәттілік тіледі.
№52 мектеп-гимназияда дәстүрлі «Сыңғырла, соңғы қонырау» мерекесі ерекше салтанатты жағдайда өтті. Мектеп- гимназиядан түлеп ұшқан 54 жас түлекті мектеп директоры Байтасова Ұлболсын Бекмырзаевна құттықтап, мәңгілік ел мұраты мен ел ордасы - Астананың мәртебесіндей игіліктер тілеп, ата-ана мен ұстаздар қауымына, түлектерге сәттілік тіледі.
Ата –ана мен шәкірттердің шынай алғыс сезімі –ұстаздар еңбегіне берілген зор баға.
«Алтын белгі» белгісіне үміткер Алтынбекова Әдемі, Толеубаев Олжас, Ермекбаева Перизат, Хадылбек Бақытжан 1-ші сынып оқушыларымен бірге мектеп өміріндегі соңғы қоңырауды соғып, үлкен өмірдің баспалдығында тұрғанын байқатқандай әсер қалдырды.
Ұрпақтар сабақтастығының жарасымдылығын арттыра түскен екі сыныптан екі ақ әженің шашуы мен ақ батасын әрі үлгі, әрі өнеге, әрі үлкен бақыттың нышанындай қабылдадық.
Елдің білім мен ғылым, өнерін алға апарар ұландарымыздың биылғы қадамының сәтті боларынан үмітіміз зор.
![]() |
