Салалар
Талқылаулар
Новость
«Сатылай кешенді оқыту» технологиясы бойынша XYI республикалық ауызша командалық олимпиадасынан мектебіміз бас жүлде алды
Алматы қаласын өткен «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы бойынша ҚР Кіші ғылым академиясының XYI республикалық ауызша командалық олимпиадасынан мектебіміз бас жүлдемен оралды.
18-20 мамыр аралығында Алматы қаласы Талғар ауданында «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы – тұлғаның қажеттіліктерін қанағаттандырудың тиімді жолы» атты республикалық форум және ҚР Кіші ғылым академиясының ауызша командалық олимпиадасы өтті.Олимпиаданы ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы Кіші ғылым академиясы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педпгогикалық университеті, филология институты, филологиялық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасы. Н.А.Оразахынованың «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы бойынша білім алған бастауыш сынып және орта буын оқушыларының арасында ҚР Кіші ғылым академиясының XYI республикалық ауызша командалық олимпиадасына Астана қаласы бойынша Ж.Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясы бойынша 6 команда қаттысты. Олар: Бастауыш сыныптан 4 «Г» сыныбы бойынша «Алғырлар» тобы, 6 «Б» сыныбы «Сенім», «Болашақ» топтар, 6 «В» сыныбы бойынша «Жалын» тобы, 7 «Б» сыныбынан «Жұлдыз», «Жігер» топтары қатысып бақтарын сынады. ҚР Кіші ғылым академиясының II республикалық «Зерделі, зерек дарынды тұлғалар» атты өткізілетін инттелектуалдық марафонына мектебімізден екі жыл қатарынан 7 «Б» сынып оқушылары «Жарқын» тобынан құралған оқушылар қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша аталған топтар ең жоғары дәрежеге жетіп, үлкен жетістікпен оралды. 6 «Б» сыныбы «Сенім», 7 «Б» сыныбынан «Жұлдыз», ҚР Кіші ғылым академиясының II республикалық «Зерделі, зерек дарынды тұлғалар» атты өткізілетін инттелектуалдық марафонына мектебімізден екі жыл қатарынан 7 «Б» сынып оқушылары «Жарқын» тобынан құралған оқушылар Бас жүлдеге ие болды.Бастауыш сыныптан 4 «Г» сыныбы бойынша «Алғырлар» тобы, 6 «Б» сыныбы «Болашақ» топтар,6 «В» сыныбы бойынша «Жалын» тобы, 7 «Б» сыныбынан «Жігер» топтары I дәрежелі дипломдармен оралды. Додаға тыңғылықты дайындықпен келіп, технологияны әр пән бойынша сауатты қолдана білген жүлдегер командалар сыныптық дәрежелері бойынша Бас жүлде, 1 және 2-3 орындарды жеңіп алса, білім сайысына қатысқан әр бала мен жетекшілік жасаған пән мұғалімдерін Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Филология институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық педагогикалық білім беру ғылым академиясының академигі Әбдіғазиұлы Балтабай және Қазақстан Республикасы Кіші ғылым академиясының вице-президенті Грищенко Валентина Федоровнаның атынан мақтау граматомасымен марапатталды. «Сатылай кешенді оқыту» технологиясының қыр-сырына үңіліп, үш тілде ойын сауатты, дәл жеткізе білген баланың әрқайсысына мақтау грамотасын табыс еткен Нұрша Алжанбайқызы: «Жыл өткен сайын технологияға қызығушылық білдіріп, үйреніп, білімдерін жетілдіріп жүрген оқушылардың да, мұғалімдердің саны да артып келеді. Бұл, әрине, қуанарлық жағдай. Заманауи білім берудің тетігіне айналған оқыту тәсілін алдағы уақытта әлі де жетілдіре, толықтыра түсеміз деген сенімдемін», – деді. 19 мамыр күні көшпелі сабақ ретінде «Оқытудың инновациялық технологияларын пайдалану» атты семинар өтті.Семинар Алматы қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен, іс-тәжірибесінен 7-сынып оқушыларымен практикалық жұмыс түрлерін көрсетті. Қорыта келе қазіргі білім беру жүйесіндегі міндеттердің бірі – сатылай кешенді оқыту технологиясы.Осындай инновациялық технологиялар арқылы оқушылардың өзіндік мүмкіндіктерін жоспарлы түрде пайдалана білуіне қол жеткізу.
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |



