Салалар
Талқылаулар
Новость
«Астаналық білім берудің жетістіктері» ЭКСПО 2017 Республикалық көрменің жобасы
2016 жылдың 22 және 29 сәуір күндері мектебімізде «Астаналық білім берудің жетістіктері» ЭКСПО 2017 Республикалық көрменің жобасын жүзеге асырылды. Көрмеге Астана, Петропавл, Ақтөбе, Өскемен т.б. облыстардың, қалалардың мұғалімдері қатысып, оқушылардың экологиялық ғылыми жобаларымен танысты және көрме барысында жобалардың макеттері, компьютерлік бағдарламалары қойылды.
Көрменің мақсаты –оқушыларды энергетиканың өзекті және мақсатты бағыттағы жобаларды орындауға қызықтыру, ғылыми шығармашылық, инновациялық идеялары мен жобаларды дамытуға ат салысуға шақыру.Көрменің сараптамашысы ретінде - Қазақстандық ғалым Ф.Я.Вассерман қатысып, оқушылардың ғылыми-зерттеушілік жұмыстарының шығармашылық өзектілігінің жоғары деңгейін атап өтті.Сонымен бірге, ғылыми-тәжірибелік жұмыстарға икемді, өнертапқыш және рационалды, дарынды оқушылар анықталды.
Көрме аясында қонақтарға БжС технологиясы бойынша ашық сабақтар өткізілді.