Салалар
Талқылаулар
Новость
«Жаңа өзгеріс — жаңа мүмкіндік» тақырыбында мектепішілік ата-аналар жиналысы
2016 жылдың 28 мамыр күні Астана қаласы №72 мектеп-лицейінде «Жаңа өзгеріс — жаңа мүмкіндік» тақырыбында мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді. Ата-аналар жиналысын мектеп директоры Гулсим Асыловна Жусупова ашты. Қазақстандағы білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы туралы ата-аналарға түсіндіріп, қазіргі жаңартылған білім мазмұны «мектепте не үшін оқу керек?» деген сұрақ аясында болып, білім мазмұны күтілетін нәтижеге және баланың бойындағы түрлі дағдыларды қалыптастыруға бағытталатыны жөнінде айтып өтті. Бұл бағдарламаның дәстүрлі бағдарламадан ерекшелігі — пәндер бойынша ортақ тақырыптардың болуы. Жаңадан енгізілген пәндер қатарында, ағылшынтілі, жаратылыстану және ақпараттық технология сынды заманауи қажеттіліктерге байланысты жүргізілетін пәндер бар екендігі аталды.
Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары М.Ж.Сандыбаева ата-аналарды 2015-2016 оқу жылының білім сапасымен таныстырса, директордың ғылыми ісі жөніндегі орынбасары Ж.С.Сулейменова мектеп жетістіктерін атап өтті. Тәрбие ісінің орынбасары А.А.Аманова оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру туралы айтты.
Ата-аналар жиналысының екінші бөлімінде мектеп директоры Г.А.Жусупова құттықтау сөз айтып, ата- аналарға алғысын білдірді. Мектептің іс-шарасына белсене қатысып жүрген ата-аналарды мадақтамалармен марапаттады. Ата-аналар комитетінің мүшелері ата-аналар атынан мектепке тілегін білдіріп, алғыстарын айтты.












