Салалар
Талқылаулар
Новость
Білім басқарамасының ұйымдастыруымен технология және бейнелеу өнері пәнінен қала мектептері мұғалімдерінің арасында «Дәстүрді сақтай, инновацияны енгіземіз» тақырыбында семинар өтті.
Астана қаласы №72 мектеп-лицейінде Білім басқарамасының ұйымдастыруымен технология және бейнелеу өнері пәнінен қала мектептері мұғалімдерінің арасында «Дәстүрді сақтай, инновацияны енгіземіз» тақырыбында семинар өтті. Семинар мектеп директоры Жүсіпова Гүлсім Асылқызының ашылуымен басталып, оқушылардың музыкалық құттықтауларымен жалғасты. Мектептің дәлізінде психология және пән мұғалімдерінің шығармашылық жұмыстары қойылды. Семинарда №72 мектеп мұғалімдері Есентаев Дәулет Шөптібаевич, Тайшыгарин Талғат, №60 мектеп-лицейінің мұғалімі Айшев Г., №56 мектеп-лицейінің мұғалімі Қожахметов М.З. өз тәжірибелерімен бөлісіп, ашық сабақтар өткізді. Сабақтарда оқушылардың шығармашылығын арттыру, домбыра құрылысы, қобдиша, жарнама жасай білу сынды оқушылардың қабілеттерін арттыруға негізделген жұмыстарды көрсетілді. Семинар өте жоғары деңгейде өтті деп бағаланды.









