Салалар
Талқылаулар
Новость
Ең үздік оқытушы таңдалды!
08.06. колледжде арнайы пәндер оқытушыларының кәсібилігін арттыру, озық тәжірибе жұмысын анықтау және қолдау көрсету мақсатында «Үздік арнайы пәндер оқытушысы, өндірістік оқыту шебері» атты жалпыколледждік байқауы өткізілді.
08.06. колледжде арнайы пәндер оқытушыларының кәсібилігін арттыру, озық тәжірибе жұмысын анықтау және қолдау көрсету мақсатында «Үздік арнайы пәндер оқытушысы, өндірістік оқыту шебері» атты жалпыколледждік байқауы өткізілді.
Байқауға колледждің 6 арнайы пәндер оқытушысы мен өндірістік оқыту шеберлері қатысты: «Тамақтандыруды ұйымдастыру» бөлімінің оқытушылары Касенова Гульбарам Сарсенбаевна, Нұрманова Ақжарқын Дарханқызы, Исабеков Мурат Сарсенбинович, Байгужина Гульсезим Нурлановна - «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» бөлімінен, Жумабаева Гулзат Тулендиевна, Бельжанов Кайрат Бекенович «Туризм және ЕТ» бөлімі атынан қатысқан.
Байқау келесі кезеңдер бойынша өткізілді:
І кезең: «Визит карточкасы» байқауы деп аталды, қатысушылар өздерінің педагогикалық және кәсіптік табыстары мен эмблема , ұрандарын ұсынды. ІІ кезеңде «Менің мамандығым - менің мақтанышым» байқауы өткізілді. Қатысушылар өз бейініне сәйкес пәндер бойынша алдын ала дайындалған сабақтан бейнематериал - үзінді, пәндер бойынша шеберлік сыныптарын дайындайды.
ІІІ кезең «Консилиум» байқауы деп аталды, оның барысында катысушылар педагогикалық жағдаяттарды талдап, өз ойларынша шешу жолын көрсетті.
Өткізілген іс-шара барысында жанкүйерлер «Біз бірге үлкен күшпіз» деген атпен ұйымдастырылған байқауында өз шеберліктерін ұсындып, қатысушылардың балл қорларын толтырып отырды.
Байқаудың нәтижесінде қатысушыларға «Тәлімгер педагог», «Жаңашыл педагог», «Зерттеуші педагог» номинациялар бойынша сертификаттар беріліп, жеңімпаздар 1, 2, 3 дәрежелі дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.
«Жыл оқытушысы - 2016» байқауының жеңімпаздары: Нұрманова Ақжарқын Дарханқызы, Исабеков Мурат Сарсенбинович, Касенова Гульбарам Сарсенбаевна. Құттықтаймыз!

