Салалар
Талқылаулар
Новость
БІЛІМ МЕРЕКЕСІ – БӘЙГЕНІҢ КӨРСЕТКІШІ
БІЛІМ МЕРЕКЕСІ – БӘЙГЕНІҢ КӨРСЕТКІШІ
Жеке тұлғаның қажеттілігі – сапалы білім алу. Ал сапалы білім алудың тікелей қозғаушы күші – ол оқыту технологиялары. Білім беруде, терең тәрбиеге баулуда үлкен ықпалы бар технология Н.Оразахынованың «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы, яғни өзіміздің төл технологиямыз. Осы төл технологиямыздың өміршеңдігі үшін, қанаты кең жайылуы үшін, шәкірттерін ұлттық құндылықтармен сусындату үшін еселеп еңбек ету әрбір педагогтың азаматтық міндеті. Жыл сайын қоғамдық негізде мұғалімдердің форумы мен оқушылардың ауызша командалық олимпиадасы, «Нұрлы білім» рухани танымдық клубының «Зерделі, зерек болашақ» атты интелектуалдық ойыны өткізіледі. Бұл шараларға ұстаздар жыл бойы дайындалып, оқу жылының соңында аталған шаралар бойынша қорытынды жасап, есеп беріп отырады. Осындай шаралардың бірі – 2016 жылы 18-20 мамыр аралығында Алматы қаласында өткен «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы – тұлғаның қажеттіліктерін қанағаттандырудың тиімді жолы» атты республикалық форум және Кіші Ғылым Академиясының «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы бойынша өткен ХVI республикалық «Тілім менің – тірлігімнің айғағы» атты ауызша командалық олимпиадаға барлығы республика бойынша 63 команда, яғни 250 оқушы қатысты. ҚР Кіші Ғылым академиясының ІІ республикалық «Зерделі, зерек дарынды тұлғалар» атты өткізілген интеллектуалдық марафонында 9 команда бақ сынады.
Соның ішінде Астана қаласынан балабақша мен 1-8 сыныптар бойынша 144 оқушы қамтылған 39 команда қатынасты. Ал, №8 орта мектебінен 2 командадан 8 оқушы қатысты. Олар: 2 «Ә» сынып оқушыларынан құралған «Ақжелкен» тобы (жетекшісі Ахметова Гүлсім Амангелдіқызы) мен 3 «Ә» сынып оқушыларынан құрылған «Болашақ» тобы (жетекшісі Аймаханова Айгүл Сұлтанбекқызы) додаға түсті. Білім додасында командалар әр сынып бойынша белгіленген кабинеттерде ауызша командалық олимпиадада білімдерін сынады. Оқушылар қазақ тілі, әдебиеттік оқу, дүниетану, математика пәндерінен өз білімдерін жоғары деңгейде көрсете білді. Әділқазы алқалары да бірнеше пәннен бір уақыттың ішінде білімдерін ғылыми тұрғыда көрсеткен оқушылардың білімдеріне таң қалысып жатты. Бір күнге созылған білім сайысының соңы марапаттаумен аяқталды. Оқушыларға диплом мен сыйлыққа кубок таратылса, дайындаған жетекшілеріне Мақтау қағаздары табысталды. Қатысушы командалар арасында Бас жүлде, І, ІІ, ІІІ орындар тағайындалды. Атап айтқанда, мектебімізден қатысқан екі команда да Бас жүлдені қанжығасына байлады. Олимпиаданың бас-аяғында қатысып отырған мұғалімдері балаларының жетістіктеріне куә болды. Ал оқушылардың жүзінен қуаныш нұры байқалды.
Білім мерекесінің екінші күні, яғни 19 мамыр күні «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы – тұлғаның қажеттіліктерін қанағаттандырудың тиімді жолы» атты форуммен жалғасты. Форум үш бөлімде: пленарлық мәжіліс, шеберлік сыныптары, дөңгелек үстел түрінде өткізілді. Мәжіліс бөлімінде технология модераторы Мұхтарова Есенгүл Мұхтарқызы «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы бойынша өңірлердегі тәжірибелік алаң жұмыстарына қорытынды жасай отыра, жетістіктеріне тоқталып өтті. Қазіргі таңда пән мұғалімдерінің халықаралық, республикалық, қалалық байқаулар мен сайыстарда жүлделі орындарға ие болып жатқандығын қуанышпен айтып өтті.
Шеберлік сыныптарында олимпиадаға қатысушы 2, 3-сынып оқушыларымен Астана қаласының № 8 орта мектеп мұғалімдері: Ахметова Гүлсім Амангелдіқызы мен Аймаханова Айгүл Сұлтанбекқызы «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы арқылы бастауыш сынып оқушыларының байланыстырып сөйлеу машығын қалыптастыру» тақырыбында кіріктірілген, яғни әдебиеттік оқу мен дүниетану пәндері бойынша «Астана – арман қала» атты шебер сабақ көрсетіп, мұғалімдердің көңілінен шықты. «Шеберлік сыныптары» арқылы «Сатылай кешенді оқыту» технологиясының сапалы білім берудегі, оқушының пәнге деген қызығушылығын арттырудағы тиімділігін тағы бір қырынан көз жеткіздік.
Осындай сапалы білім берудің кепіліне айналған «Сатылай кешенді оқыту» технологиясының нәтижесін дәлелдеген екі күндік жұмыс жоғары деңгейде аяқталды.
Білім мерекесінің 3-ші күні астаналық оқушылар Алматының көрікті, әдемі жерлерін аралады. Көктөбе, Медеу, 28 панфиловшылар паркі , Алматы метросы, әртүрлі стильдегі әсем ғимараттар мен Алматы арқа тіреп жатқан алып Алатаудың саф ауасы мен ерекше табиғаты астаналық оқушыларға ұмытылмастай әсер қалдырды.
Әрине білім мерекесін ұйымдастырған Нұрша Алжанбайқызы Оразахыноваға ризашылығымыз шексіз. №8 орта мектептің ата-аналары сізге өз алғыстарын білдіреді. Төл технологияңызды жалғастыратын шәкірттеріңіз көбейсін. Біздің тарапымыздан балаларымызды осы технологиямен оқытып шығатынымызға сенімдеміз. Сонымен бірге біздің мектептің жанашыры, оқу ісінің орынбасары Боранбаева Айгүл Қайроллақызына да алғысымызды білдіргіміз келеді. Технологияны жанынындай көріп, мектеп оқушылары мен ұстаздарын біріктіріп, олимпиадаларда «Жүзден жүйрік» шығарып жүрген жанның бірі және профессор апайымыздың көмекшісі, шәкірті деп айтуға да болады. Алматы қаласына оқушыларын дайындап, бар күш-жігерлерін жұмсаған ұстаздарысыз Ахметова Гүлсім Амангелдіқызы мен Аймаханова Айгүл Сұлтанбекқызына да алғысымыз шексіз. Еңбектері жанып, оқушылары Бас жүлделерді қанжығаларына байлай берсін. Ұстаздар мен ата-аналар бірлесіп, балаларымызды тәрбиелеуге қосар үлесіміз мол. Алматы қаласы барып келген өзіміздің балапандарымыз: Оразхан Мансұр, Толымбекова Мадина, Темірбек Дулат, Юсупов Мұхаметжан, Қидралиев Нүркен, Жеңіс Мадина, Рысбекова Гүлнұра, Серік Ақжанды білім бәйгесінде оза шапқан жеңістерімен құттықтаймыз!
Астана қаласына келіп түскен күнді естен шығару мүкін емес. Барлық ата-ана өз балапандарын асыға күтті. Әсіресе ата-анамен бірге мектеп директоры Қыдырманов Болат Сапабекұлының қуанышында шек болмады. Біз үшін бұл абырой, атақ. Мектеп әкімшілігінен де алғысымыз мол.
Ата-аналар ұйымы