Салалар
Талқылаулар
Новость
Туған өлкені зерттеу
Астана қаласы № 48 мектеп – лицейінде туристік – өлкетану жұмыстары жақсы жолға қойылған. Астана қалалық «Жас туристер» станциясымен екінші жыл бірлесіп жұмыс істеудеміз. «Жас өлкетанушылар» үйірмесі туған өлкені жан-жақты зерттеу үшін көзбен көріп, санаға сіңіру мақсатында ұйымдастырылды. Өлкетану туризммен, туған өлке бойынша саяхаттаумен, жорықтармен тығыз байланысты. «Өлкетанушы-туристер» үшін жаяу серуен мен экскурсияның маңызы зор, бір жағынан серуендейді, екінші жағынан туған өлкесін тануға үйренеді.
Астана қаласы № 48 мектеп – лицейінде туристік – өлкетану жұмыстары жақсы жолға қойылған. Астана қалалық «Жас туристер» станциясымен екінші жыл бірлесіп жұмыс істеудеміз. «Жас өлкетанушылар» үйірмесі туған өлкені жан-жақты зерттеу үшін көзбен көріп, санаға сіңіру мақсатында ұйымдастырылды. Өлкетану туризммен, туған өлке бойынша саяхаттаумен, жорықтармен тығыз байланысты. «Өлкетанушы-туристер» үшін жаяу серуен мен экскурсияның маңызы зор, бір жағынан серуендейді, екінші жағынан туған өлкесін тануға үйренеді..jpg)
Балалар былтырғы оқу жылында Ақмола облысының Ерейментау ауданында құрылған «Батыр» палаткалық туристік лагерьде 12 күн бойы дала жағдайында өзін өзі тамақтандыру (отын жинау, от жағу, су тасу, палатка құру) т.б. әртүрлі шараларға қатысып, демалып, «Бұйратау» Мемлекеттік Ұлттық саябақтың өсімдіктер мен жануарлар дүниесімен танысқан..jpg)
Ал осы жылы үйірме жетекшісі − Алиева Ләззат Нұрғалыққызының ұйымдастыруымен 8 – 18 маусым аралығында 6 «А», «Б», «Е» сынып оқушылары және 6 «Б» сынып жетекшісі – Рахымберлина Гүлмира Советқызымен Алматы облыстық «Алтын адам» туристік-экологиялық лагерінде туристік жорықтар мен экскурсияларға шығып, жергілікті жердің өсімдіктер, жануарлар дүниесімен, жер бедерімен, климатымен және тарихымен танысты. Мысалы: Есік қаласының жоғарғы жағындағы таудағы «Есік көлі», «Түрген сарқырамасы», «Есік Сақ қорғандары», «Алтын адам» мұражайы..jpg)
«Алтын адамды» тапқан белгілі археолог Бекмұханбет Нұрмұханбетовпен (Бекен ата) кездесіп, «сақтар» жайында қызықты әңгімесін тыңдап, «соңғы» батасын алып қайттық. Бекен атамен соңғы сұхбаттасқан біз екенбіз, сол түні ол кісі өмірден өтіпті....jpg)
«Алматы» қорығы мен «Іле Алатауы» Мемлекеттік Ұлттық саябағын, Талғар ауданындағы «Ақ бұлақ» тау курортындағы аспалы көпірмен Тянь-шань тауының (Іле Алатауы) шыршалы белдеуіне шығып, биіктегі тау өсімдіктерін, шыршалы ормандарын тамашаладық. «Медеу» мұз айдыны, Алматы қаласы метросына, «28-панфиловшылар» саябағы мен Орталық саябақ, «Хайуанаттар паркіне» т.б. Алматының көрікті жерлері, мәдени-тарихи жерлеріне саяхат жасадық. Мектебімізде өлкетану материалдарын жинап арнайы кабинетте шағын көрме ұйымдастыру жолдарын қарастырудамыз..jpg)
.jpg)
.jpg)