Салалар
Талқылаулар
Новость
1 - қыркүйек Білім Күні құтты болсын!
Астана қаласының №64 мектеп-лицейінде 1-қыркүйек күні дәстүрдегі «Алғашқы қоңырау» мерекесі өтті. Таңертең мектеп алаңына 1 және 11 сынып оқушылары сап түзеуге тұрып салтанатты түрде алғашқы қоңыраулары соғылды. Мерекеге ертегі кейіпкерлері Дин-дин мен Самсам 1-сынып оқушыларына қонаққа келіп таң-тамаша қалдырды.
Астана қаласының №64 мектеп-лицейінде 1-қыркүйек күні дәстүрдегі «Алғашқы қоңырау» мерекесі өтті. Таңертең мектеп алаңына 1 және 11 сынып оқушылары сап түзеуге тұрып салтанатты түрде алғашқы қоңыраулары соғылды. Мерекеге ертегі кейіпкерлері Дин-дин мен Самсам 1-сынып оқушыларына қонаққа келіп таң-тамаша қалдырды. Оқиға желісі бойынша олар балаларға алғашқы қоңырау соғуға көмектесті. Мектептің салтанатты жиынына мектеп-лицей әкімшілігімен қатар Астана қаласы Білім департаменті басшысының орынбасары Айтжанова Гүлжан Жақсылыққызы қатысты. Мереке соңында балалар барша Қазақстан мектептерінде өтетін «Мен өз елімнің патриотымын» атты сабақтарына шақырылды.



