Салалар
Талқылаулар
Новость
Сыңғырла, алғашқы қоңырау
2016-2017 оқу жылында 270 бүлдіршін 1 сыныпқа қабылданып, Білім күнінде күміс қоңырау соқты. 1 қыркүйек - бұл ұстаздар мен оқушылар үшін жаңа шығармашылық кезең болса, мектеп табалдырығын бірінші аттағалы тұрған бүлдіршіндер үшін бірінші қоңырау мерекесі. Биылғы жаңа оқу жылының ерекшелігі - мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндердің қадамы Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық торқалы тойына тұспа-тұс келіп отыр. Кішкентай бүлдіршіндеріміздің талабы – оң, қадамы құтты болсын!
Білім күнінде «Сыңғырла, соңғы қоңырау» атты салтанатты жиын өтті. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жоғары білім департаментінің директоры Ахмед- Заки дархан Жұмақанұлы сөз алып, жүрекжарды мерекелік құттықтау сөзін жеткізді. Мектеп директоры Шаяхметова Айтжан Ермұханқызы сөз алып, шәкірттеріне құттықтау сөзін жеткізіп, үлкен сенім артты.
«Мәңгілік Ел» патриоттық актісі шеңберінде, Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы шеңберінде оқушылар өз өнерлерін көрсетті. 1 сынып бүлдіршіндері қолдарына құшақ-құшақ гүлдерін алып, тақпақтарын айтты. Салтанатты жиыннан кейін «Мен өз Отанымның патриотымын» тақырыбындағы бірыңғай ашық сабақтармен жалғасты.