Салалар
Талқылаулар
Новость
Бір әріп үйреткенге 40 жыл сәлем бергізіп, ұстазын қадірлеген ұлттың Білім күні құтты болсын!
Жайдарлы жаз мезгілі бітіп, күздің алғашқы айында 1 қыркүйек - Білім күні де келіп жетті. Қолдарына қалам,қағаздарын ұстап, жүздері бал-бұл жанып алғаш мектеп табалдырығын аттағалы тұрған бүлдіршіндеріміз, жауапты сәтке қадам басқалы тұрған түлектеріміз үшін бұл күн ерекше.
Білім күніне арналған салтанатты жиын мектеп ауласында болып өтті. Салтанатты жиын қазақ биімен ашылды. Өнегелі тәрбие беретін тәжірибелі ұстаздар мектеп табалдырығын алғаш аттап отырған 1 сынып оқушыларын жетектеп алып шықты. Жиынға салтанатты түрде Ту енгізіліп, Әнұран орындалды. Бұл жиында мектебіміздің директоры Джумартова Данара Мейранбекқызы сөз сөйлеп болған соң, өнерлі оқушылар ән салып, бүлдіршіндер тақпақтарын айтты.
Жиынның ең толқулы ғажайып сәті алғашқы қоңырау соғу құрметі жас бүлдіршіндері Әділбек Асылбек, Бердібай Гүлсайран мен 11 сыныптың үлгілі оқушылары Мұрат Әділбекке, Бажанова Камилаға берілді. Жүргізушілердің құттықтау сөздері оқылып болған соң, аспанға шар ұшырылды. Осылайша салтанатты жиын аяқталып, әр сынып оқушылары алғашқы білім күніне арналған «Мен өз елімнің патриотымын» атты сынып сағаттарына қатысты.