Салалар
Талқылаулар
Новость
29.08.2016 ж. Астана қаласы № 58 мектеп-гимназиясында дәстүрлі педагогикалық кеңес өтті.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселелер бойынша мектеп директоры кіріспе сөз сөйлеп, «Білімді ел – мәңгілік ел» тақырыбындағы тамыз конференциясына шолу жасап, мектеп ұстаздарын жаңартылған білім мазмұнымен таныстырды.
Келесі кезектегі 2015-2016 оқу жылында жүргізілген жұмыстардың қорытындысы және алда тұрған міндеттермен директордың орынбасарлары Айжан Өнерқызы, Бақыт Садаққызы, Гүлнұр Төлеубекқызы сөз сөйлеп, таныстырып кетті. Директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Раушан Сағдатқызы өз кезегінде мұғалімдердің жүктемесі және сынып жетекшілерді тағайындау бойынша жұмыстармен таныстырды.
Педагогикалық кеңестің келесі бөлімі «Білім мазмұнын жаңарту – заман талабы» тақырыбындағы коучинкпен жалғасып, артынан мектеп директорыны мектеп ұстаздарының қалалық және аудандық жеткен жетістіктері бойынша алған мақтау қағаздарымен марапаттады. Соңынан педагогикалық кеңестің шешімі шығарылып, жаңадан келген ұстаздармен ұжымды таныстырды.