Салалар
Талқылаулар
Новость
1-ші сынып оқушыларының ата-аналарына арналған жиналыс
№ 80 мектеп-гимназиясында 10 қыркүйекте 2016 жылы 1-ші сынып оқушыларының ата-аналарына арналған жиналыс өткізілді.
№ 80 мектеп-гимназиясында 10 қыркүйекте 2016 жылы 1-ші сынып оқушыларының ата-аналарына арналған жиналыс өткізілді.
Тақырыбы: 21 ғасыр ата-аналарының «Өз балаңа үлгі бол» атты республикалық жиналысы.
Мақсаты: Қазақстандағы отбасы күніне арналған, 1-ші сынып ата-аналарына психологиялық көмек.
Міндеттері: баланы мектепте оқытуға бейімдеу: ата-аналарға кеңестер;
балаға жаңа өмір тәртібіне дағдылануға көмектесу;
Конференциямызды мектеп директоры Гульмира Сергазиевна алғы сөзін құттықтаумен ашты. Мектеп пен отбасы арасында ынтымақтастықтың берік іргетасын қалау маңыздылығын айтып өтті. Білім бөлімінен Майра Рахымбаевна сөз сөйледі. Өскелең ұрпақтың еңбек және зияткерлік әлеуетін отанның мүддесін дамыту міндеті болып табылатыны айтты. Отбасылық Тәрбиелеу Институты конференцияға қатысушы барлық ата-аналарға жақсы көңіл-күй тілейтінін жеткізіп, әрқайсыңызда балаларыңызға сенімді сүйеу болуға жеткілікті күш-жігер, даналық бар екеніне зор үміт артатынын сөз етті. Мектеп психологы ата-аналарға толық, мазмұнды мәліметтер дайындап, мектеп өміріне бейімделу кезеңінен қиындықсыз шығуға арналған кеңестер айтылды. Дайындалған слайдтар жеке түсіндірілді, бейнефильмдер көрсетілді. Конференция соңында дайындалған кітапшалар таратылып, ақпараттар берілді.